Шағымы жəне анамнез: 1. Ауру сезімі кенеттен дамып, бастапқы кезде құрсақүсті аймақта немесе ішке түгел жайылып, динамикада оң жақтық мықын аймақта шектеліп, көбінесе тұрақты сипатта болады.
2. Лоқсу - аурудың бастапқы бірнеше сағатында дамиды.
3. Құсу - көбінесе бастапқы бірнеше сағатында дамып, бір рет қайталанады.
4. Ауыздың кеберсуі (құрғауы).
5. Температуралық реакция - əдетте 37,5-39,0°С
6. Лейкоцитоз - лейкоцитарлық формуланың солға жылжуымен, асқынулар болғанда ЭТЖ жоғарылайды.
7. Дене қалпы - науқас оң бүйірінде аяғын ішіне басып жатуға мəжбүр болады.