Дифференциалды диагноз көбінесе келесі аурулармен жүргізіледі:
Бүйректік шаншу - ауырсыну толғақтəрізді, науқастар мазасыз, Пастернацкий симптомы оң, құсу қайталануы мүмкін, метеоризм, дизуриялық бұзылыстар, несепті талдағанда белок, формалық элементтер, тұздар анықталады. Ультрадыбыстық зерттеудің диагностикалық маңызы бар.
Кіші жамбасастауының патологиясы (жатыр қосалқыларының қабынуы, пельвиоперитонит) - ауырсыну қасағаның үстінде орналасады, ауру біртіндеп дамиды, ішастардың қозу симптомдары онша айқын емес немесе болмауы да мүмкін. Диагностика мақсатында мұқият анамнез жиналып, ультрадыбыстық, ректалдық зерттеулер өткізіледі.
Пневмония - сыртқы тыныстың бұзылыстары (ентігу, цианоз) тəн, өкпеде клиникалық жəне рентгенологиялық өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |