Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика. Жоспар



бет9/10
Дата27.04.2022
өлшемі74,5 Kb.
#141165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жуйе ретындегы улттык экономика

Номиналды ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы = ---------------------------- 100 %
Нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өндіріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрамдас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді болдырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады. Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім. Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі. Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді. Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауар дың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық ши кізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды. ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді: − мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкіртақылар, жəрдемақылар, сақтандыру төлемдері; − қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату; − ұсталған тауарларды сату (sekond-hand). ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады: 1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі); 2. табыстар бойынша (бөлу əдісі); 3. қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет