Ұлттық есеп жүйесі
Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін ұлттық есеп жүргізу жүйесі пайдаланылады. ҰЕЖ – бір жағында ресурстар, екінші жағында олардың қолданылуы көрсетілген арнаулы кестелер мен баланстар. ҰЕЖ- түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүргізушіліктің өзінің тарихы бар. Экономистер баланссыз, табыстар мен шығындарды салыстырмайынша экономиканы зерттеу мүмкін еместігін бұрын түсінген. Балансты жасаудың бірінші әрекетін 1758 ж. Франсуа Кенэ "экономикалық кесте" арқылы жасады. Бірақ оның кестесі тәжірибелік маңыз алмады. Ол ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе меншік иесі болмағанның барлығын "өнім бермейтін класқа" жатқызды. Нақты шаруашылық өмірді көрсететін жаңа модель қажет болды. Бұл мәселені жалпы түрде К.Маркс 1885 ж. капиталдың ІІ-ші томында, өзінің капиталдың ұдайы өндірістік схемасында орындаған. Балансты жасаудың үшінші кезеңі орыс экономистер тобының зерттеуімен байланысты, олар КСРО халық шаруашылығының салааралық балансын 1923-24 ж. бірінші рет құрған. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдары салааралық баланстың моделін Ресейден шыққан американдық ғалым В.Леонтьев жасаған. Ұлттық шоттарды құру үшін экономистер бастапқы мәліметтерді ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ЖТ, ҚҚТ категориялар туралы халық шаруашылығының статистикалық ақпараттарын пайдаланады.
Ұлттық есеп жүргізушіліктің негізгі мақсаты – оның пайда бөлу, бөлу және қолдану туралы сандық ақпарат беру. Ол шаруашылық қызмет туралы хабарларды белгілі тәртіпке келтіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің экономикалық операциялары мақсатты бағыты, обьектілері, бағалау түрлері бойынша топтарға бөлінеді. Ұлттық есепті өндірістің құрылымы мен көлемі, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды т.б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Шоттар (екі жақты ерекшеленеді: ресурстар және оларды пайдалану) шаруашылық субьектілерінің экономикалық операцияларын бекіту үшін қолданылады. Экономикалық қатынастар агенттерінің операциялары шоттарда екі рет жазылады. Нақты ресурстар мен оларды пайдаланудың арасында тепе-теңдік болуы керек.
Ұлттық шоттар жүйесі - көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік кестелердің өзара байланысты кешені. БҰҰ-ның тұтастай және іріктемелі статистикалық байқаулардың деректерін қорытындылап, жүйелеу жөніндегі халықаралық ұсыныстарымен қабылданған. Мұндай теңгерімдік кестелер (стандарттық шоттар) ұлттық есепшілік жүйесіндегі арналу мақсатына шартты түрде үш топқа біріктіріледі.
Екінші топтың теңгерімдік кестелерінде бірінші топ шоттарында көрсетілген қаржы-экономикалық үдерістердің неғұрлым тәптіштелген сандық сипаттамасы біріктірілген түрде беріледі.
Ұлттық есеп шоттар жүйесі - елдегі экономикалық процестерді макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын нарықтық экономиканың халықаралық статистикалық үлгісі. Бұл жүйенің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтық экономиканы реттеуге байланысты шешім қабыл-дағанда, бюджет саясатын анықтағанда, инфляциямен күрес шараларын белгілегенде, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасауда атқаратын рөлі зор. Бухгалтерлік және банк есептерінің, статистиканың әдістемелік қағидалары біртұтастыққа негізделгендіктен, ұлттық шоттар жүйесі жалпы есеп жүргізудің нәтижесі болып табылады. Экономикалык даму көрсеткіштерінің әлемдік жүйеге интеграциялануы мен халықаралық салыстыруларды жүргізу қажеттілігі ұлттық шоттар жүйесіне деген қызығушылықты арттырады.Ұлттық шоттар жүйесінің мәліметтерін:
• Біріккен Ұлттар Ұйымы
• Халықаралық Валюта қоры
• Халықаралық Еңбек Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғылыми-зерттеу мекемелері де кеңінен қолданады.
Қазіргі ұлттық есеп-шот жүргізуді жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізілді. Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шақты. Қазіргі барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларды көрсетліген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда содай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997
2. Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
3. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.
Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқу лық/ А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов – 2-бас., өңд. жəне толықт. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 416 б
Достарыңызбен бөлісу: |