Жүйке жүйесі дамуы



Pdf көрінісі
Дата12.02.2022
өлшемі424,87 Kb.
#131559
Байланысты:
Жүйке жүйесі дамуы



Жүйке жүйесі
Орындағандар:Шитыбай Арайлым, Разақ
Айнұр, Шарапатова Меруерт, Қалила 
Сымбат
Кантарилаева Дана, Қаратай Аружан


Жүйке жүйесі өте нəзік те, күрделі аспап болып табылады. Ол төменгі даму 
сатысындағы тірі ағзаларда рецепторлар мен бұлшық еттер арасындағы жай ғана 
байланыстыру рөлін атқарады. Жоғары дамыған ағзаларда оның құрылымы 
күрделене келе, қоршаған орта мен ағза арасындағы өзара байланыстардың барған 
сайын күрделі қызметтерін өз міндетіне алады. Адамның қызметі əлеуметтік 
факторлармен айқындалады, сондықтан жүйке жүйесінің осы қызметтері адамда өз 
кемеліне жетеді. Бұл жүйке жүйесінің міндетті. Дамудың жоғарғы сатысындағы 
жануарлардың көбінде жүйке жүйесі басқа мүшелер мен ағза жүйелерімен тең 
дəрежелі жүйеге жатпайды. Ол басқа жүйелермен, мысалы қан айналым, ас қорыту, 
бөлу жүйелерімен, бір қатарға қойыла алмайды.


Бұл көзқарасты ертеде ағза əртүрлі мүшелердің механикалық жинағы деп 
есептеген неміс ғалымы Р. Вирхов пен оның ізбасарлары ұстанған. Жүйке жүйесі 
ағзаның өзге мүшелерімен жəне жүйелерімен мүлдем басқа өзара байланыста 
болады. Жүйке жүйесі олардан үстем тұрып, жоғарғы қызмет атқарады. Ми денеде 
өтетін барлық процестерді өз қарамағында ұстайды.Жүйке жүйесі жануарлар мен 
адам организмдегі органдар мен жүйелер əрекетін біріктіретін жəне организмнің 
тіршілік əрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін 
жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі жəне сыртқы 
тітіркендіргіш əсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп 
үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш жəне қозуды тез өткізетін өсінділері 
бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі 
өзгеріске ұшыраған.


Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке 
ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі 
орналасу орындары (топографиясына) мен 
құрылысына сəйкес: орталық жəне шеткі 
бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке 
жүйесінің орталық бөліміне ми жəне жұлын,
Ал шеткі бөліміне — мидан жəне жұлыннан 
организмнің шеткі аумақтарына таралатын 
мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, 
жүйке тораптары, жүйке түйіндері 
(ганглийлері) жəне жүйке талшықтарының 
ұштары жатады.Организмдегі қызметтеріне 
байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге 
бөледі. Олар: сомалық (денелік), 
парасимпатикалық (ішкі мүшелік), 
симпатикалық (тамырлық).


Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни 
тірек-қимыл аппараты жəне тері жабыны 
мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі 
мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — 
тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін 
реттейді. Парасимпатикалық жəне 
симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке 
жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.


Ми — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. 
Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, 
ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми жəне үлкен ми сыңарлары.
Миды пайда болу, құрылымдық жəне қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш 
бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты 
(аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) жəне алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. 
Мидың бағаналы жəне қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы 
кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен 
тұрады:


1 сопақша ми;
2 мишық (артқы ми);
3 ортаңғы ми;
4 аралық ми;
5 алдыңғы ми сыңарлары.


Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. 
Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын 
адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен 
ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. 
Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер 
тəрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін 
оқу арқылы үнемі жетілдіру нəтижесінде 
нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер 
көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала 
түседі. Тұрақты шұғылдану нəтижесінде есте 
сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету 
жəне басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері 
жетіле түседі.


Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: 
рефлекстік жəне өткізгіштік.
Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта əсерлеріне организмнің 
жауап қайтару реакциясы. Шартсыз рефлекс-тума, тұрақты, 
жұлында, ми бағанасында жасалады. Шартсыз 
рефлекстердің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ. 
Қозу-əртүрлі тітіркендіргіштердің əсері нəтижесінде жүйке 
жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй. Шартты 
рефлекс-өмірде жасалады, уақытша, шартты рефлекстер тек 
ми қабығында жасалады.


Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік 
ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің əсерін ағзаның көптеген 
əрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт. Зат алмасу - өмір белгісі 
жəне қажетті шарт болып табылады.


Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет