Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. Ожж жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары


ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі8,79 Mb.
#83103
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ожж қызметі

ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.
  • 1863 жылы академик М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.
  • Ч. Шеррингтон, Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский, И.П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті.
  • Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
  • Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс.
  • Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады.
    • Тежелудің механизмдері:
    • Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді).
    • Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.
    • Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы – ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады.
    • Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді:
    • Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
    • нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана
    • гиперполяризацияланады).
    • 2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация
    • салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады).
    • 3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар
    • көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
    • 4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
    • гиперполяризацияға байланысты.
    • Үйлестіру – бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады.
    • ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру негізін құрайтын құбылыстар:
    • Иррадиация (қозудың жайылуы);
    • Концентрация
    • Индукция – қарама-қарсы үрдістің туындауы.
    • Индукция түрлері:
    • бір мезгілді;
    • бір ізді;
    • оң;
    • теріс.
    • IV. Соңғы жалпы жол құбылысын (конвергенцияға негізделген «алқым»), Ч. Шеррингтон анықтаған.
    • V. Реципроктық (ілеспелі) тежелу – рефлекстердің бір бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді. Мысалы антагонист еттердің арасындағы (бүгілу, жазылу) жауаптың үйлесуі. Дем алу мен дем шығару кезектесуі.
    • VI. Кері байланыс (кері афферентация) принципі.
    • VII. Доминанттық (үстемдік) қозу - уақытша бір қозу
    • ошағының үстем болуы (А.А. Ухтомский).
    • Ерекше қасиеттері:
    • Өте қозғыш келеді;
    • Қозу тез жинақталады;
    • Қозу созыңқы (инертті) болады;
    • Басқа орталықтарда тежелуді тудырады;
    • Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді
    • өзіне тартып, күшейе түседі.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет