«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет19/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану
Дәріс кешені Жүктану, QR-кодтарды қолдану
5-сурет. Жұмыр пішінді сурлемхана
Линиялық (дайындау) элеваторлардың тәуліктік орташа өңдеу қабілеті автокөліктен қабылдауда 1,5-5,0 мың т, вагондарға тиеуде -1,5-2,5 мың тс, тазартуда - 1,5-5 мың тс және кептіруде - 175-200 тс.

Конвейердің өнімділігі элеватордың мұнарасында орналасқан нориялардың өнімділігіне байланысты.

Ылғал астықты өңдеу үшін қоймаларды кептіргіштермен және тез жеделдеткіш қондырғылармен жарақтандырады. Оларды қалаларда жасайды.

Өндірістік (диірмен) элеваторлар астықты, әдетте, темір жол арқылы алады. Мұндай элеваторлардың бірнеше түрлері бар. Өндірістік (диірмен) элеваторлардың мұнаралары М2х100, МЗх100, М2х75, М3х175 өнімділігі 100 немесе 175 тс/сағ екі немесе үш ожаулы элеваторлармен, өнімділігі 100 тс/сағ бір немесе екі сепаратормен, 20 тонналық екі немесе үш ожаулы таразылармен жабдықталған. М2х100 және МЗх100 элеваторларының сүрлемханасына 8-16 мың тс, М2х75-ке -16 мың тс және М3х175-ке - 33,4 мың тс астық сияды.

Элеватордың көрсетілген төрт түрі үшін вагондардан астық түсіруде тәуліктік қабылдау мүмкіндігі - тиісінше 1,5,2 және 3 тс.

11 Дәріс тақырыбы: Жүк тасымалын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

Жүк тасымалдауды жоспарлаудың үш түрі бар:

- болашаққа жоспарлау;

- ағымдық жоспарлау;

- оперативтік жоспарлау.

Қазіргі кезде автомобиль көлігінің жұмысының сапасы мен тиімділігін көтерудің ең басты жолдарының бірі автокөлік құралдарын пайдаланудың вариантын таңдау болып табылады. Мұның өзі біртұтас мәселелер қатарын қамтиды және тасымалдауды орындауға тапсырыс алудан бастап, олардың әрбірін шешу барысында, көптеген варианттардың ішінен оңтайлысын, яғни ең тиімдісін таңдап алуды қажет етеді.

Тасымалдауды жоспарлауда автокөлік ұйымдарының, жүкті қабылдау және жөнелту пунктерінің арасындағы ең қысқа қашықтықты анықтауға қажеттілік туындайды. Пункттердің арасындағы ең қысқа қашықтық клиенттердің көліктік қызмет ақысын төлеу үшін, жанармай жұмсалымын ескеру үшін, автокөліктік ұйымдардың жүк айналымын анықтау үшін, жүргізушілердің еңбекақысын тағы басқа да сол сияқтыларды есептеу үшін негіз болып табылады.

Тасымалдауды оперативтік жоспарлаудың басты мәселелерінің бірі жылжымалы құрам қозғалысының маршрутын анықтау болып табылады.


12 Дәріс тақырыбы: Жүктерді тасымалдаудағы көліктік жабдықтар.

Автомобильмен жүк тасымалдауда жылжымалы құрамның қозғалысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені жалпы жүріс ішіндегі жылжымалы құрамның бос жүрісінің үлесінің мөлшері қозғалыс маршрутын дұрыс таңдауға байланысты болады.

Жылжымалы құрамның жұмысын жоспарлау, есепке алу және талдау үшін, автомобильдерді пайдаланудың тиімділігі мен оның жұмысының нәтижесінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін, техникалық-пайдалану (техникалық дайындық коэффициенті, линияға шығу коэффициенті, автомобильдің жүрісін пайдалану коэффициенті және тағы басқа да) көрсеткіштерінің жүйесі тағайындалған. Қозғалыс маршруты деп тасымалауды орындау барысында жылжымалы құрамның жылжу желісін айтады. Ол немесе бұл қозғалыс маршрутын таңдау, негізінен, көліктік процесті ұйымдастыру вариантына байланысты анықталады.

Жылжымалы құрамның өнімділігін арттыру методтарын анықтау үшін әрбір пайдалану көрсеткіштерінің автокөлік құралдарының өнімділігіне тигізетін әсерінің сипаты мен дәрежесін білу қажет. Бұл жерде жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін сипаттау үшін қолдану мүмкін болған көрсеткіштердің үш топқа бөлінетінін ескерген дұрыс: экстенсивтік; интенсивтік және жалпылама.

Жұмыс атқаратын (жүк көтеретін) бөліктерінің сипатына қарай тиеу-түсіру машиналары (ТТМ) мынадай түрлерге бөлінеді:

• мезгілді (циклді) немесе кідірмелі жұмыс істейтін;

• үздіксіз немесе үздіксіз дерлік жұмыс істейтін машиналар.

Мезгілді жұмыс істейтін машиналар мынадай түрлерге жіктеледі:

• тиегіштер - электр-, авто- және трактор тиегіштері, олардың жұмыс атқаратын бөліктері - аша, шөміш, ілмек және басқа жүк қамтығыштар;

• крандар-темір жолмен жүретін ашалы, белдікті, жебелі, кабельді, сорелі крандар бұлардың жұмыс атқаратын бөліктері -төрт буынды арқан, шөміш-грейфер, ожау, автоарқан, спредер және т.с.с;

• арнайы құрылғылар мен қондырғылар, жылжымалы құрамға жүк тиеу және одан жүк түсіру кезінде пайдаланылады;



• вагон аударғыштар (роторлы, бүйірлік, белдік-роторлы, кұрама) жұмыс атқаратын ротор бөліктері, аспа бесік және т.с.с. болып табылатын аспа бесіктер пайдаланылады.

1-сурет. Мезгілді жұмыс атқаратын машиналардың цикл уақыты
Жүк кетеретін боліктері жүкті іліп алу немесе босату үшін оқтын-оқтын тоқтап, оны бір-бірден немесе мөлшерлеп араластыра алатын машиналар да мезгілді жұмыс атқаратын машиналарға жатады. Мезгілді жұмыс атқаратын машиналардың цикл уақыты І.І-суретте сызба түрінде көрсетілген.

Үздіксіз немесе үздіксіз дерлік жұмыс аткаратын машиналар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • конвейерлер - (ағылшын тілінде - соnvеуег - конвейер, транспортер) -таспалы, қырғышты, бұрандалы (шнекті), инерциялық, вибрациялық, гравитациялық (рольганги) болып табылады, бұлардың жұмыс атқаратын бөліктері - таспа, қырғыш, шнек, дебаланс масса, рольганги болып табылады. Конвейер дегеніміз - бұл жүкті горизонталь бағытта жылжытуға арналған тасымалдаушы машина;

  • элеваторлар - ожаулы, аспа бесікті, сөрелі, жұмыс атқаратын бөліктері - ожау, аспа бесік, сөре. Элеватор дегеніміз - бұл жүкті тік жоғары-төмен жылжытуға арналған тасымалдаушы машина;

  • арнайы құрылғылар мен қондырғылар, жүкті жылжымалы құрамға тиеу және одан түсіру кезінде пайдаланылады:

  • МВС-3м, МВС-4м (өзі жүретін вагонды машиналар), МГУ (шынжыр табанды әмбебап машиналар) және КШП (доңғалақты-шнекті тиегіштер) секілді үздіксіз жұмыс атқаратын өзі жүретін жүк түсіргіш машиналар;

  • инженер Ш.С. Хабибуллин құрастырған ТР-2 (С-492) ожау-элеваторлы көмір түсіргіш; инерциямен түсіргіш машиналар;

  • шанақты қондырғылар, үйілген жүктерді (көмір, кен, инертті құрылыс материалдары - құм, қиыршықтас, ірі кұм және т.с.с.) пайдаланылады;

  • пневматикалық қондырғылар - қысыммен жұмыс істейді, жүк ауаның қысымымен жылжиды;

  • гидравликалық қондырғылар - өз салмағы пайдаланылады, жүк судың күшімен жылжиды.

Үздіксіз немесе үздіксіз дерлік жұмыс атқаратын машиналардың жүк көтеретін бөліктері жүкті тоқтаусыз немесе тоқтаусыз дерлік ағынмен қозғалтып отырады, яғни олар жүкті іліп алу үшін арнайы тоқтамайды. Бүған мысал ретінде конвейердің - таспалы транспортердің сызбасын қарастырайық (1.2-сурет).

Қолданылу салаларына қарай тиеу-түсіру машиналары мынадай түрлерге бөлінеді:

  • әмбебап машиналар - алуан түрлі жүктерді тиеп-түсіруге арналған, мысалы, орташа тоннажды контейнерлер мен үйілген жүктерді тиеп-түсіретін КДКК-10 ашалы краны;

  • арнайы машиналар - аздаған жүктердің түрлерін тиеп-түсіруге арналған, мысалы, ірі тоннажды контейнерлерді тиеп-түсіретін КК-20, КК-32 ашалы крандары.



2-сурет. Тұрақты конвейер -таспалы транспортердің сызбасы:

1 - шанақ; 2 - конвейердің жұмыс атқаратын бөлігі; 3 - жук; 4 – қозғалтқыш барабан; 5 - демегіш роликтер; 6 - кергіш роликтер; 7 - жетектегі барабан; 8 - иілгіш элемент; 9 - кергіш барабан; 10 — кергіш (серіппе немесе жұк)



Жылжымалылығына қарай тиеу-түсіру машиналары былайша бөлінеді:

  • жылжымалы машиналар - вагоңдарды бойлай қозғалады (крандар, ашалы, белдікті және темір жолмен жүретін);

  • тұрақты машиналар (мысалы, шанақты қондырғылар) - жылжымалы құрам осылардың маңында қозғалады.

Жүріс бөлігінің сипатына қарай тиеу-түсіру машиналары былайша бөлінеді:

  • доңғалақты жүрісті;

  • рельсті жүрісті;

  • шынжыр табанды жүрісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет