«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет16/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану
Дәріс кешені Жүктану, QR-кодтарды қолдану
1-сурет. Астықтың жерде сақтайтын механикаландырылған қоймада жылжу сызбасы:

1- қабылдау шанағы (лария); 2 - астықты қоймаға құятын ожаулы элеватор (нория); 3 - сепаратор мен кептіргіштен тұратын қабылдау-тазарту қондырғысы; 4 - қоймадан астық беретін ожаулы элеватор (нория); 5 – жоғарғы тиеу контейнері; 6 - жерде сақтау қоймасы; 7 - тесіктер немесе қоректен діргіштер; 8 - төменгі түсіру конвейері;9 - босату құбырлары; 10 – вагон


Механикаландырылған қоймалардың мұнаралары техникалық тұрғыдан алғанда мыналармен жабдықталған:

• екі ожауы бар элеватормен (нориямен), пайдалану өнімділігі Өпай = 100 т/сағ. сепаратормен;



  • жүктемесі 10 тс екі таразымен;

  • автомобиль көтергішпен, автомашинамен және тіркемемен;

  • вагон түсіргіші бар таспалы жөнелту конвейерімен;

  • Өпай = 50 т/сағ кептіру агрегатымен.




2-сурет. Қойманың сызбасы:

1 және 2 -жоғарғы және төменгі конвейер; 3 - ысырмалар;4 - люктің тесігін

жабатын қақпақ; 5 - аралық тіреулер; 6 - жер асты оры


Астықты жабық жерде үйіп сақтау қоймаларының екі түрі болады:

1-түрі. Қойманың сызбасы 6.2-суретте көрсетілген.

Жоғарғы конвейерден 1 келетін астық қоймаға төгіледі. Люк тесігінің қақпағы жабылады, оның төменгі жағына тесіктері 300x200 мм, адымы 5 мм ысырмалар 3 орналасқан. Қойманың ені 24 м.

2-түрі. Қойманың сызбасы 6.3-суретте көрсетілген.

Қойма дегеніміз ені 20 м, жартылай цилиндр пішінді темірбетон арқа болып табылады. Оған астық қүю әдісі қойманың 1-түріндегідей.

Бірқатар жағдайда астық сақтау үшін қойманың шүғыл қажеттігі тууы мүмкін. Бұл кезде пневмоүрлемелі қабықша түріндегі қойманы пайдалану тнімді болмақ. Мұндай қоймалардың артықшылықтары: аса жеңілдігі, жинақылығы, бүктелген күйінде жақсы тасымалданатыны, арнайы құралдардың көмегінсіз тез арада тұрғызылуы және жиналуы.



3-сурет. Қойманың сызбасы:

1 және 2 - жоғарғы және төменгі конвейерлер; 3 - ысырмалар; 4 - люктің

тесігін жабатын қақпақ; 5 - жер асты оры
Астық науқаны қызу жүргізілетін кезде тұрақты механикалан-дырылған қоймалармен қатар, аса тиімді бола қоймаса да, жылжымалы механикаландырылған құралдары бар павильондық қоймалар пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет