Ағаш материалын іліп алатын кұралдар
Буылған ағаштарды темір жолдағы төрттағанды, арқалы және бұрмалы крандармен, 4008 және 4028 автотиегіштермен тиеп-түсіреді, олар мыналармен жабдықталған:
• грейферлі ілгіш;
• дірілдеткіш грейфер(виброгрейфер).
Буылған ағаштарды қолмен бекіту үшін траверсалы түзақ немесе трос ілгіш пайдаланылады.
Буылған жұмыр ағаштарды мыналармен іліп алуға болады:
• жартылай автоматты ілгіштермен - V= 4,5 м3, жұмыр ағашының ұзындығы 1,5-6,5 м, бір немесе қосарланған табандары бар; V = 8 м3, жүмыр ағашының ұзындығы 8 м, үштабанды аша ілгіші бар; V= 10 м3, жүмыр ағашының ұзындығы 4-6,5 м; V = 12 м3, жұмыр ағашының ұзындығы 6-18 м, немесе төрттабанды аша ілгіштері бар;
• қолмен бекітілетін төртбуынды троспен.
Кесілген материалдарды негізінен ПС-01, ПС-03 үлгісіндегі көп айналымды жартылай қатаң тростары бар пакеттермен тасымалдайды және:
• бүрылма табанды автоматты ілгіштермен;
• жартылай автоматты ілгіштермен;
• кеңістіктік траверсалармен;
• үш және төртбуынды тростармен қозғалтады.
Сыммен немесе болат таспамен орап буылған ағаш материалдарды арнайы топсалы және автоматты кран ілгіштерімен тиейді.
Достарыңызбен бөлісу: |