«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


Ауыр салмақты жүктердің сипаттамасы



бет11/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану

Ауыр салмақты жүктердің сипаттамасы

Машиналар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, металдар, металл және темірбетон бұйымдары секілді бір орынның салмағы 0,5 тоннадан асатын қаптамасыз дара жүктер ауыр салмақты жүктерге жатады. Бұл тұрғыдан алғанда, контейнерлерді де ауыр салмақты жүктерге жатқызуға болады.



Ұзындығы 1680 мм-ден асатын ауыр салмақты жүктерді (АСЖ) ұзын өлшемді жүктерге жатқызады. Бұларға рельстер, металл прокаты, темірбетон арқалықтары-мәткелер, колонналар және т.с.с. жатады.

Мұңдай жүктердің негізгі бөлігін өнеркәсіп орындарының кірме жолдарында, құрылыс ұйымдарының жабдықтау базаларында және темір жол стансаларының жүк аулаларында тиеп-түсіреді.



Ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын құралдар - ашық жылжымалы құрам (платформалар, ашық вагондар) және автомобильдер (тіркемелер, жартылай тіркемелер). Мәселен, темірбетон конструкцияларды ашық жылжымалы құраммен тасымалдап, көлденең жататын екі ағаш төсемнің үстіне орналастырады. Ашық вагондарда төсемді кіндік темірлі (шкворень) көлденең мәткелерге орналастырады. Панельдер мен плита-ларды ұзындығы бойынша 2-3 қатар, ені бойынша- 1 және одан да көп , қатар етіп тиейді. Ұзындығы 5,9-6,4 м болатын панельдер мен плиталарды ашық вагондарға бүйір есіктерін ашық қалдырып тиейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет