«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет8/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану

Құйылатын заттардың сипаттамасы

Цистерналарға, арнайы ыдыстарға немесе контейнерлер мен ашык вагон-шанақтарға қүйып, темір жол көлігімен тасымалданатын сұйық жүктер құйылатын заттар деп аталады.



Құйылатын заттарға мыналар жатады:

• шикі мұнай, негізінен құбырлармен тасымалданады;

• мұнай өнімдері (керосин, бензин, дизель жанармайы, лигроин, мазут, минералдық майлар және т.с.с), темір жол көлігімен тасымалданады;

• тамақ өнеркәсібінің өнімдері (спирт, өсімдік майлары, сірне, жануарлар майы және т.с.с);

• химиялық жүктер (қышқылдар, сілтілер, бояғыштар, лактар, сүйылтылған газдар және т.сс).

Құйылатын заттардың басым бөлігін (> 90 %) мұнай өнімдері алады. Мұнай өнімдері бес топқа бөлінеді:

• шикі мұнай;

• ақшыл мүнай өнімдері (дизель жанармайы, керосин және реактивті двигатель жанармайы);

• қоңыр мүнай өнімдері (битум, мазут және т.с.с);

• бензин (автомобиль және авиация бензині);

• майлар (консистенттік майлардан трансформатор майларына дейін).

Сондықтан барлық мәселелерді мүнай өнімдерінің мысалында қарастыратын боламыз. Мұнай мен мұнай өнімдерін өндірілетін жерінен өңдеу және түтыну орындарына дейін насос стансаларының күшімен қүбырлар арқылы айдап тасымалдау барынша тиімді болады. Бір км мүнай қүбыры қүрылысының қүны жылжымалы құрамға жүмсалатын шығындарды есептемегенде, өткізу қабілеті осындай бір км темір жол желісінің қүрылысынан 2 есе төмен болып шығады.

Мұнай өнімдерінің өздеріне тән қасиеттері бар, мүндай қасиеттер олардың құйылуына, тасымалдануы мен сақталуына әсер етеді.

Ондай қасиеттерге мыналар жатады: тығыздығы, түтқырлығы, теріс температурада ғана емес, плюс температурада да қатып қалуы, оңай түтанғыштығы, буланғыштығы, жарылыс тудыру қаупі, электрленуі (статикалық электр тогы қауіпті зарядтарының жиналуы), улылығы.



Цистерналардың жүк көтерімділігін пайдалану мұнай өнімдерінің тыгыздыгына байланысты. Мазут (935 кг/м3) пен автотрактор майының (930 кг/м3) тығыздығы ең жоғары болып есептеледі.

Сүйықтықтың сыртқы күштердің әсерінен өз бөлшектерінің қозғалысына кедергі жасау қасиетін туткырлық деп атайды. Қоңыр түсті мүнай өнімдерінің көпшілігінде түтқырлық аса жоғары болады.



Қату температурасы дегеніміз - бұл мүнай өнімдері қозғал-ғыштығынан айырылып (қоюланады), ыдысты еңкейткенде қүйылмай қалатын температура.

Қүйылатын заттардың тығыздығы, түтқырлығы және төменгі температурада қату қасиеті оларды қүю және қүйып алу жүмыстарына әсер етеді. Кейбір сүйық заттар тіпті +20°С-ден жоғары температурада (мысалы гудрон +450°С, мұнай шайыры +40°С, мүнай битумдары +28°С) қатып қалады. Әдеттегі жағдайларда оларды қүйып алу үшін алдын ала қыздырып алу қажет немесе арнайы цистерналармен немесе ашық вагон-шанақтармен тасымалдау керек.

Мұнай өнімдерінің буланғыштығы олардың қүрамында үшқыш заттардың едәуір мөлшерде кездесуіне байланысты: булану қарқыны зат пен ауаның температурасына, булану бетіне, атмосфералық қысымға және жыл мезгілдеріне байланысты.

Тұтану температурасы дегеніміз — бұл мүнай өнімдерінің буы айналадағы ауамен оған ашық жалынды жақындатқанда түтанатын қоспа түзетін ең төменгі температура. Түтану температурасына қарай мүнай өнімдері төрт класқа бөлінеді:

бірінші класс - түтану температурасы +28°С-ден төмен (бензин, лигроин, шикі мүнай);

екінші клас -28-ден +45°С-ге дейін (керосин, дизель жанармайының кейбір сорттары);

үшінші клас-45-тен 120°С-гедейін(дизель жанармайының кейбір сорттары, мотор майы, флот мазуты және т.с.с);

төртінші клас - 120°С-ден жоғары (мазут, майлар және т.с.с).

Тұтану температурасы +60°С-ге дейінгі мүнай өнімдері тез түтанатын немесе ұшқыш өнімдер деп, ал +60°С-ден жоғарыжанғыш немесе үшпайтын өнімдер деп аталады. Авиация және автомобиль бензиндерінің түтану температурасы теріс (-34 және ~ 36°С) болады.

Құю кезінде мүнай өнімдерініңтемпературасы тұтану температурасынан кемінде 5°С төмен болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет