«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет9/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану

Жану температурасы дегеніміз - бүл сүйықтықты, газды немесе қатты затты қыздырғанда олар үшқынның немесе жалынның қатысуынсыз өздігінен жанатын ең төменгі температура.

Мұнай өнімдері буының үшқынның, жалынның, қызған металл заттардың әсер етуінен жарылатын (түтанатын) ауадағы ең аз немесе ең көп мөлшері жарылгыштық (тутангыштық) шегі деп аталады.

Мұнай өнімдерін қүбырлар арқылы айдау барысында статикалық электр зарядтары жиналады, бүл кезде құбырдың бетінде қарама-қарсы белгілі заряд пайда болады. Электр разрядының пайда болуына жол бермеу үшін мүнай өнімдерінің құбырлар арқылы қозғалу жылдамдығы 12 м/с-тан аспауы тиіс, сондай-ақ тиісті жерге қосу жұмысы атқарылуы қажет.

Құйылып тасымалданатын заттар мынадай түрлерге бөлінеді:

қауіпті заттар - жалпы ережелермен қатар, арнаулы ережелермен тасымалданатын заттар;

қауіпсіз заттар - жалпы негізде тасымалданатын заттар. Тасымалдау немесе сақтау барысында адамдар мен жануарлардың ауруына, улануына, күйіп қалуына, жарылыс, өрт тууына себепші болатын, сондай-ақ басқа жүктерді, жылжымалы құрамды, құрылыс пен құрылғыларды бүлдіретін, қоршаған ортаны ластайтын заттар қауіпті заттарға жатады. Мұндай заттар тасымалдау және сақтау кезінде ҚТЖ белгілеген ерекше ережелер бойынша сақтық шараларын басшылыққа

алуды қажет етеді.

6 Дәріс тақырыбы: Сусымалы және кесекті жүктер.
Сусымалы (төгілмелі) деп қорапсыз соқталатын және орын ауыстырыла-тын массалық сусымалы жүктерді айтады. Оларға кен, көмір, құрылыс материалдары және т.б. жатады. Олардың сипаттамасы – бөлшектердің өлшемдері мен пішіні, түйіршіктік құрам немесе кесектілік, төгілмелі тығыздық, ылғалдылық, табиғи еңіс бұрышы, қажақтылық (қажалу қабілеті), даттанушылық, жабысқақтық, улылық, жарылыс қауіптілік, өздігінен жану, басылып қалу және мұздану қабілеті. Барлық осы қасиеттер қайта тиеу машиналар типі мен параметрлерін, сонымен қатар сақтау шарттарын таңдағанда ескеру қажет. Бөліктерінің ірілігі бойынша (түйіршікті құрамы) сусымалы жүктер 1 кестеде келтірілген топтарға бөледі.     

1 кесте – Сусымалы жүктердің сипаттамасы



Жүктер

Үйілу тығыздығы, т/м3

Табиғи еңіс бұрышы, град

қозғалыстағы

тыныштықтағы

Құрғақ саз

Дымқыл саз

Гравий

Дымқыл топырақ



Жанған топырақ

Құрғақ күл

Ұнтақта сөндірілген әктас

Бут


Кокс

Ұсақталған бор

Құм

Кен


Марганецті кен

Жоңғылы дымқыл шымтезек

қоныр көмір

Тас көмір

Цемент

Доменді қоқыс



Ұсақ тас

1,8...2,0

2,0...2,1

1,5...2,0

1.6...1.9

1,3...1,6

0.4...0.6

0.5..0,7

1.6...2.0

0.4...0.5

1,4


1,4...1,6

1.7...3.5

1,7...1,9

0,55...0,65

 

 

0,65...0,8



0,8...0,85

0.9...1.3

0.6...1.0

1.8...2.0



40

20

30



17

40



30

30

35



39

30

30



35

40

 



 

35

30



20

35

35



40

25

45



27

30

50



50

45

50



39

32...35


50

40

50



 

 

50



45

40

50



45

 

 

Табиғи еңіс бұрышы тынықтықтағы және қозғалыстағы жүк бөлшек-терінің өзара қозмалылығын сипаттайды. Жүк тасушы органның ауытқуынан материалдың табиғи еңіс бұрышы тыныштықтағыға қарағанда азаятын болады. Мұны тиеу-түсіру машиналарының өнімділігін есептегенде ескеру қажет. 



Қажақтылық деп сусымалы жүк бөлшектерінің қозғалыс кезінде олар-мен жанасатын жаймалардың, таспалардың, топсалардың, шынжырлардың және т.б. жұмыс беттерінің қажалау (тозу) қасиеті аталады. Ол Моастың 10 – баллдық меесімен анықталатын бөлшектердің қаттылығымен сипатталады. Бірлігі ретінде ең жұмсақ жүктің (мысалы, тальк) қаттылығы, ал ондығы ретінде – ең қатты жүктің (алмаздың) қаттылығы қабылданған. Қажақтылығына байланысты сусымалы жүктер төрт топқа бөлінеді: А – қажақты емес; В – аз қажақтылықты; С – орташа және Д – жоғары қажақтылықты.

Сусымалы жүктің ылғалдылығы деп онда сыртқы ылғалдың (бөлшектермен химиялық байланыспаған) бар болуы. Оны анықтау үшін жүктің біразын (үлгісін) алады және +105 °С тепературада кептіреді. Содан соң дымқыл және құрғақ үлгі массалары айырымын табады және оны соңғының массасына жатқызады.  

Тасымалдау және сақтау жағдайларына байланысты сусымалы жүктерді шартты түрде екі топқа бөледі. Біріншісіне көмір, шымтезек, шиыршық тас, қиыршық тас, құм, саз, қант қызылшасы және т.б., яғни жартылай вагондарда, платформаларда тасымалданатын және ашық қоймаларда қатқабаттарда сақталатын жүктер жатады. Екінші топқа астық, цемент, сөндірілмеген әктас, алебастр, бор, минералды тыңайтқыштар, картоп және жабық және арнайы вагондарда үйінді түрінде тасымалданатын, жабық қоймаларда, элеваторларда сақталатын жүктер кіреді. Жабық вагнодарда есіктік қоршаулар (тақтайлар, арнайы қалқандар) орнатады, ашық қозғалмалы құрамда пойыздарда қозғалғандағы жүктің ұсақ бөліктерінің ісуін, сонымен қатар «қалпағының» төгілуін болдырмайтын шаралар қабылдайды; тиегеннен кейін жүктің бетін тегістейді және нығыздайды.     

Минералды тыңайтқыштар сан алуандылықпен ерекшелінеді. Оларды химиялық құрамына байланысты азотты, фосфорлы, калийлы және т.б., ал өндіру әдісі бойынша күрделі және аралсқа бөледі. Күрделі тыңайтқыштарды химиялық жолмен, ал араластарды – алуан түрлерді механикалық бірігу жолымен жасайды. Көптеген минералды тыңайтқыштар гигроскопиялық, басылып қалғандыққа ұшырағыш және ерігішті. Олардың жекелері, мысалы аммиакты силитра органикалық заттармен біріккенде жарылыс қауіпті.   Көмірді тиеудің негізгі әдістері шанапты, тікелей (шанапсыз) және аралас болып табылады.


7 Дәріс тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау.
Қауіпті заттар «Қауіпті жүктер. Жіктеу және таңбалау» деп аталатын 19433-88 мемлекеттік стандартқа сәйкес мынадай кластарға жіктеледі:

• 1-клас - жарылғыш материалдар (ЖМ);

• 2-клас - қысыммен сығылған, сүйылтылған және ерітілген газдар;

• 3-клас - тез тұтанатын сүйықтықтар, яғни тұтану температурасы 60°С-ге дейінгі заттар;

• 4-клас - тез тұтанатын қатты заттар, өздігінен жататын заттар, сумен әрекеттесу кезінде тұтанатын газдар бөліп шығаратын заттар;

• 5-клас — тотықтырғыш заттар және органикалық асқын тотықтар;

• 6-клас - улы (токсинді) заттар;

• 7-клас - радиоактивті материалдар және жүқпалы заттар;

• 8-клас - күйдіргіш немесе коррозиялық заттар;

• 9-клас - басқа да қауіпті заттар.

Физикалық және химиялық қасиеттеріне, түрлеріне және тасымалдау кезінде қауіптілік дәрежесіне қарай әрбір сыныптың қауіпті заттары сынып тармақтарына, санаттар мен топтарға бөлінеді. Мысалы, жанғыштығы мен жарылу қауіптілігіне қарай тез тұтанғыш заттарды олардың буының 760 мм сын.бағ. қысымындағы тұтану температурасы бойынша сыныптарға топтастырады. Мұнда тұтану температурасы 60°С-ге дейінгі тез тұтанатын сүйықтықтар тез тұтанатын заттарға және 60°С-ден жоғарылары - өртену қаупі бар жанғыш заттарға жатады. Кейбір сүйықтықтардың түтану температурасы нөлден төмен. Бұлар - бензин, бензол, ацетон, мүнай, спирт, күкіртті көміртегі. Тіпті минус температураның өзінде осындай сүйықтықтар қүйылған ыдысқа ашық оттың жақындауы сөзсіз жарылыс пен өртке әкеп соқтырады.

Бензин, лигроин, шикі мүнай, керосин, дизель жанармайының кейбір сорттары және т.с.с. тез тұтанатын мұнай өнімдеріне жатады.

Дизель жанармайының кейбір сорттары, мотор майы, флот мазуты, түрлі майлар және т.с.с. тұтану температурасы 61 °С-ден асатын мүнай өнімдеріне жатады.

Тез тұтанатын заттарды (бензин және т.с.с.) тасымалдауда, оларды цистерналарға құюда және цистерналардан қүйып алуда айрықша өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет. Мұнай өнімдері буының ауадағы белгілі бір пайыздық мөлшерінде және оған ашық жалынды жақындатқанда мүнай өнімдері жарылыс туғызуы мүмкін (бензин буы 1,1 - 6,0 %, лигроин - 1,5-4,5 %, керосин - 2-3 %, бензол - 1,4-7,4 %).

Температураның артуына қарай сүйықтықтың булануы да артатынын есте үстау қажет. Бензин 40-50 °С температурада қайнай бастайды.

Мұнай өнімдерінің құбырларға және ыдыстардың қабырғасына үйкелуінен пайда болатын статикалық электр разряды әсерінен мұнай өнімдерінің буы жануы немесе жарылыс туғызуы мүмкін. Мұнда бірнеше мың вольттік кернеу пайда болады! Егер бұл кернеуді басқа арнаға, мысалы, жерге бұрып, разряд жағдайын туғызбаса, сүйықтықтың буын тұтандыратын үшқын аралығы түзіледі. Нақ сондықтан да бензин тасығыш автомашиналарда металл шынжыр қолданылады, ол жермен сүйретіле жүріп, қозғалыс кезінде бензиннің цистерна қабырғасына үйкел-уінен пайда болатын статикалық электрді бұрып жібереді. Статикалық электрдің қауіптілігін түрмыста да ұмытпау керек. Киімді бояудан, майлардан және т.с.с. тазарту кезінде статикалық электр заряды пайда болып, өрт туғызуы және күйдіруі мүмкін. Статикалық электр зарядының жиналуына жол бермеу үшін мұнай өнімдері құйылатын құбырлар мен құрылғылар үздіксіз жерғе қосылып тұратын тізбек болуы тиіс.

Көптеген сұйықтықтардың буы уландыратындықтан, адам ағзасына зиянды болады.

Күштіу болып есептелетін этильденген бензинмен жұмыс істеуде айрықша сақ болу керек.

Сұйықтықтардың өздері емес, олардың буы жанады, мысалы, егер машина майын арнаулы құралваннада қыздыратын болсақ және осы кезде оған оқтын-оқтын сіріңкені жақындатсақ, майдың температурасы 1800°С-ге жеткенде май емес, оның буы түтанады. Жанғыш және тез түтанатын сұйықтықтардың буы ауамен қосылғанда жарылыс қаупі бар концентрациятүзеді. Мысалы, бензин буы ауадағы концентрациясы 0,8-5,4 % (көлеміне қарай) болғанда жарылуы мүмкін. Айталық, ішінде бензині бар бөшке қауіпті ме, әлде бензиннен босаған бөшке қауіпті ме? Бөшкедегі бензин лап етіп жанды делік. Бөшкенің аузын дымқыл шүберекпен, киізбен немесе брезентпен жаба қойсак, оның жануы тоқтайды. Егер бөшкеде бензин аз болса, немесе оның іздері ғана қалса, бөшкенің іші ауамен араласқан бензин буына толады. Болмашы ұшқыннан жарылыс болады. Міне, сондықтан да бензині бар бөшкеден гөрі бензиннен босаған бөшке қауіптірек деп саналады.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды арнайы қоймалар мен бөлмелерде металл ыдыстарда сақтау керек.



Мұнай өнімдерінің тұтқырлығы оларды тасымалдау әдістеріне және жүк операцияларының орындалуына әсер етеді. Цистерналармен тасымалданатын құйылатын заттар аса тұтқыр, орташа тұтқыр және тұтқыр емес заттар болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет