6.2. Астық қоймалары
6.2.1. Жерде сақтайтын механикаландырылған қоймалар. Астық элеваторлары
Сақтау әдістеріне және тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылу дәрежесіне қарай астық сақтайтын қоймалар екі топқа бөлінеді: • жерде сақтау (үйінді түрінде еденде сақтау); • элеваторлар (жүк үлкен сыйымдылықтарда сақталады).
Жерде сақтайтын механикаландырылған қоймалар
Астықты қоймаға құюда және жердс сактайтын қоймадан босатуда оның жылжу сызбасын қарастырайық (6,1-сурет).
Көлік құралынан қабылдау шанағына құйылатын астықты ожаулы элеватор нория (2) қабылдау-тазарту құрылғысына (3) жеткізеді. Осыдан кейін астық ожаулы элеватор (4) арқылы өзі сақталатын қойманы 6 толтыру үшін жоғарғы тиеу конвейеріне беріледі.
Қоймадағы (6) астық тесіктер немесе қоректендіргіш (7) арқылы төменгітиеу конвейеріне (8) беріледі. Ол бұл конвейерден норияға (4) өтіп, одан әрі қабылдау-тазарту құрылғысына келеді, мұнда ол желдетіледі, салқындатылады, кептіріледі, өлшенеді және т.с.с. немесе көлік құралдарына, мысалы, жабық вагондарға тиеледі.
Жер астындағы орда орналасқан төменгі конвейер астықты жерде сақтау қоймасынан беріп тұруға арналған. Конвейер жұмыс мұнарасымен жалғасқан, қойманың бүйіріне орналасқан бұл мұнара автокөліктен астық қабылдап, оны темір жол вагондарына тиейді. Төменгі ордағы конвейер таспалы немесе кырғышты болуы мүмкін.
Астық тесіктері 300x200 мм және адымы 5 мм ысырмалар арқылы төменгі конвейерге келеді. Төменгі конвейер астықты вагондарға тиеу үшін мұнараға жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |