3.1.1. Контейнерлер паркінің сипаттамасы
Брутто салмағына қарай әмбебеп контейнерлер былайша бөлінеді:
• шағын тоннажды контейнерлер - брутто салмағы 0,625-1,25 т АУК (ӘАК - әмбебап автомобильдік контейнерлер);
• брутто салмағы 2,5 т-дан астам, бірақ 10 т-дан кем орташа тоннажды контейнерлер. Олардың маркалары: УУК-3 (БӘК-3 -бірыңғайландырылған әмбебап контейнерлер), УУК-5 және УУКП-6.3. Бүл контейнерлерге тиелетін жүктің бір орнының салмағы 1000 кг-дан аспауы тиіс;
• брутто салмағы 10 т-ға тең және одан асатын ірі тоннажды контейнерлер. Олардың маркалары: УУК-10, УУК-20, УУК-24, УУК-40 және УУК-60. Бүл контейнерге тиелетін жүктің бір орнының салмағы 1500кг-дан аспауы тиіс.
Шағын тоннажды контейнерлер, брутто салмағы 0,625 т, АУК-0,65 маркалы және брутто салмағы 1,0 т АУК-1,0 маркалы контей-нерлерге бөлінеді. Бүл контейнерлер кәсіпорындарға тиесілі және өлшемдері орташа тоннажды контейнерлердің өлшемдері-нен кем болады. Оларды доңғалақтарының арқасында жылжыту оңай, бүл олардың артықшы-лығы болып табылады.Оларды жабық және пошта вагондарында тасымалдайды. Қазіргі кезде темір жолда кеңінен пайдаланыла бастады. Шағын бизнестің дамуына байланысты мүндай контейнерлер шағын тоннажды жүктерді тасымалдауға қолданылады.
№14 Дәріс тақырыбы: Жүкті таңбалау ережелері.
Автомобиль көлігінің уставы автомобиль субъектерінің қызметін және олардың арасындағы өзара арақатынасын реттейтін аса маңызды құжат болып табылады. Қолданыстағы Устав он тараудан және 169 баптан тұрады.
Автомобиль көлігі Уставының Ережелері автокөлікпен жүк тасымалдаудың қағидаларын нақтылайды және толықтырады. Қолданыстағы Ережелер сегіз тараудан тұрады.
Тасымалдауды орындаушы әрбір автокөлік құралында қатаң есепке алынатын құжаттар қатарына жататын құжаттар болуы тиіс. Олардың сериясы және есептік нөмірі болады. Жалпы жағдайда ондай құжаттар деп саналатындар:
жол парағы (путевой лист) және товар түріндегі жүктерді тасымалдағанда товарлық-көліктік накладная.
Тасымалдау процесі көліктік процестің көптеген қатысушыларын қамтиды, сондықтан ол, барлық тараптармен келісілген және нормативтік құжаттарға немесе инженерлік дайындықтарға сүйенген тасымалдау технологиясы негізінде, кешенді түрде қарастырылуы тиіс. Жүк тасымалдаудың технологиясы деп тұтынушыға жүкті жеткізіп беру процесін орындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын айтады.
Жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру автомобиль жүргізушілерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы Ережелерге негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |