Контейнерлер туралы жалпы ұғымдар
Көлік жабдығының ішкі көлемі 1 м3-ден кем болмайтын бірлігі жүк контейнері деп аталады.
Контейнер (ағылшын тілінде соntainer - тауар салатын ыдыс, сауыт, жәшік) дегеніміз - бұл тауар салатын көп айналымды көлік тарасы, ол;
• жүк орындарын ірілендіруге (арттыруға) және жылжымалы құрамның барлық түрінің жүктерді сақтап тасымалдауын қамтамасыз етуге;
• жүктерді сақтау үшін уақытша қойма ретінде пайдалануға арнал-ған. Басқаша айтқанда, контейнер дегеніміз - бүл көлік қүралының алмалы -салмалы шанағы.
Пайдаланылуына қарай контейнерлер мынадай екі топқа бөлінеді:
• жалпы пайдаланудағы - әмбебап контейнерлер;
• арнайы пайдаланудағы - мамандандырылған контейнерлер. Бұған қоса, арнайы контейнерлер болады. Олар магистральдық көлік құралдарында пайдаланылмайды, көсіпорынның(цехтың) ішінде пайдаланылады.
Әмбебап контейнер дегеніміз - бұл бірыңғайландырылған жүк бірлігі. Ол тараға салынған және жеке-дара жүктерді тасымалдауға арналған. Бұл бірлік брутто массасы, габариттік өлшемдері, пішіндері, мазмүны, орналасу орны, сыртындағы жазуы мен кестелері бойынша стандартқа түсірілген. Өзіндік коды бар мүндай контейнерлердің сыртында оны әр түрлі көлік құралдарына орнатуға және жабық вагондарда тасымал-данатын жүктердің барлығын тиеу-түсіру жүмыстарын механикаландыруға арналған арнайы тетіктер болады. Мүндай контейнерлермен полиграфия бүйымдарын, галантерея тауарларын, трикотаж, киім, аяқ киім, радио тауарлары, теледидар, мата, қосалқы бөлшектер, металл бүйымдары, азаматтардың үй бүйымдары және т.с.с. тасымалданады.
Контейнерлермен тасымалдауға үсынылатын жүк орындарының массасы 120 килограмнан аспауы тиіс. Азаматтардың үй бүйымдары массасы мен орындарына шек қойылмастан қабылданады.
Контейнерлерге жүк тиеп, түсіруді жөнелтушілер мен қабылдаушылар атқарады. Контейнерлерді вагондар мен автомобильдерге тиеу және олардан стансалардағы жалпы жүрт пайдаланатын орындарға түсіру - темір жолдың міндеті. Жалпы жүрт пайдаланбайтын орындарда бұл операцияларды жүктерді жөнелтушілер мен қабылдаушылар атқарады.
Жүкті жөнелтуші әрбір жүк тиелген контейнерге жеке жүк қағазын толтырады. Темір жол жүк тиеу үшін ақаусыз, осы жүкті тасымалдауға жарамды, бүрын тасымалданған жүктің қалдықтары мен қоқыстардан тазартылған контейнерлерді үсынуға міндетті. Коммерциялық түрғыдан қарағанда контейнерлердің осы жүкті тасымалдауға жарам-дылығын жүкті жөнелтуші анықтайды. Олардан тасымалдау бары-сында жүктердің сақталуына әсер ететін әлде бір ақаусыздық байқалса, жөнелтуші жүк тиеуден бас тартуға міндетті.
Сыртында ыдысы жоқ, өз бумасындағы немесе жеңілдетілген ыдысқа салынған жүкті үйкелеуден, қажалудан, үйпалақтанудан, қатып қалудан немесе қызьш кетуден сақтандыру қажет. Ол үшін жүкті жөнелтуші контейнерлердің қабырғаларын қағазбен қымтайды, жүқа қорғаныш тақтайша, резеңке төсем қояды, жүкті оқшаулағыш жүмсақ материалдармен орайды және т.с.с. Әрбір контейнердің ішіне жүкті жөнелтушінің қолы қойылып, мөрі басылған арнайы қағаз немесе жүктің фактурасын қоса салады, онда орындардың саны, заттардың тізбесі және әрбір заттың бағасы көрсетіледі. Үй бүйымдарын жөнелтетін адам жүк қағазына бүйымдардың тізімдемесін қоса тіркейді. Ішіне ауылшаруашылық өнімдері мен үй бүйымдары тиелген контейнерге жүк жөнелтушіні қатыстыра отырып, темір жолдың немесе көлік-экспедиция үйымының пломбасын салады.
Жүктерді тасымалдау кезінде контейнердің ішінде қозғала алмай-тындай, ал табанына түсетін салмақ пен қабырғаларына түсетін қысым біркелкі болатындай етіп орналастырады. Контейнердің есіктері еркін ашылып-жабылуы үшін олар мен жүктердің арасында бос кеңістік (30-50 мм) қалдыру қажет. Жүктерді немесе тетіктерді орнықтыру үшін оларды контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегелеуге немесе қапсырмамен бекітуге тыйым салынады.
Жүк жөнелтетін адам контейнерді белгіленген техникалық нормадан төмендетпей толтыруға міндетті. Жүк тиеудің техникалық нормасы көздемеген жүктерді немесе техникалық нормалары әр түрлі жүктерді тасымалдауда контейнерді толық сыйымдылығына дейін толтырады, бірақ ол оның жүк көтерімділігінен аспауы тиіс. Егер бүл айрықша шарттарда көзделмесе, станса бастығының техникалық нормаға, толық сыйымдылыққа немесе жүк көтерімділікке дейін толтырылмаған контейнерлерді қабылдаудан бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтуші адам жүк тиелген контейнерді жабуға, қүлпының тұтқасын сыммен бекітіп,оған пломба салуға міндетті.Жүк жөнелтушінің пломбасы салынған контейнерді жол қызметкері сырттай қарап, тасымалдауға қабылдайды.
Мамандандырылган контейнерлер дегеніміз - бұл көлік жабдықтарының бірыңғайландырылған бірлігі. Олар белгілі бір жүктерді (сұйық, үйінді, қауіпті, тез бүзылатын және басқа) әлденеше рет тасымалдауға арналған. Олар өлшемдері мен ең жоғары бруттолық салмағы бойынша стандартты қүрылым болып табылады, сыртында мемлекеттік стандартқа (ірі тоннажды - ГОСТ 25290-82, орташа тоннажды - 22377-77) немесе басқа да техникалық нормативтік қүжаттарға сәйкес белгілері мен жазулары болады.
Әмбебап контейнерлер көлік үйымдарында болады, олар 100 %-дық бос жүріс жасамайды немесе аз ғана жүріс жасайды, ал мамандан-дырылған контейнерлер кәсіпорындарға (жүкті жөнелтушілер мен қабылдаушыларға) тиесілі болатындықтан, арнайы табандықтар секілді 100 % бос жүріс жасайды, бүл олардың ірі кемшілігі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |