І лотоктағы қан, бұл босанудың ІІІ кезеңінде кеткен қан болады.
ІІ лотоктағы қан, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде кеткен қан болып есептеледі.
Кеткен қан мөлшерін босану тарихына тіркейміз (жалпы физиологиялық қан кету 250 – 400мл-ден аспауы керек).
БОСАНУДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ТАЗАЛЫҒЫН КӨРСЕТУ.
Босанудағы әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығы 5-6 сағатта бір рет жүргізіледі.
Қажет құралдар: гинекологиялық фантом, жаялық, корнцанг, дәкелер, Эсмарх кружкасы, асептикалық ерітінді, қолғап, сүлгі, дез. ерітінді, судно.
Жауап:
Босанудағы әйелге тазарту процедурасының маңыздылығын түсіндіреміз
Әйелден шешініп, кереуетке жатады (әйел арқасымен жатады, аяқтары жамбас-сан-тізе буындарында бүгілген, арасы ашылған) және жамбасының астына судно қоямыз.
Тазартуға сұйықтықты Эсмарх кружкасына (0,02% калии перманганат не 1:5000 фурациллин) дайындап аламыз.
Қолымызды тазартамыз, заралсыздандырылған қолғап киіп, әйелге көрсетеміз.
Қолымызға стерильді дәке қысылған корнцангты аламыз. Әйел жыныс мүшелеріне Эсмарх кружкасынан ерітіндіні құйып, жоғарыдан төмен қарай жуамыз. Алдымен қасаға маңын, жыныс еріндерін, санның ішкі бетін, соңында тік ішек маңайымен аяқтаймыз.
Осыдан кейін корнцангқа қысылған құрғақ дәкемен жоғарыдан төмен қарай құрғатамыз.
Әйелдің астындағы судноны аламыз, әйелге таза жаялық береміз.
Қолымызды және қолданған құралдарды жуамыз, осыдан кейін құралдар мен қолғапты дез. ерітіндіге саламыз (бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз).
Қолымызды тазартамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |