Қажет құралдар: дәкелер, бала жолдасы фантомы, қолғап, жазық лоток.
Бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін міндетті түрде оның бүтіндігін анықтау қажет.
Бала жолдасын тегіс жерге аналық жағын жоғары қаратып қоямыз. Құрғақ дәкемен бетіндегі ұйыған қандарды сүртеміз. Аналық жағы қызыл көк түсті, біргелкі емес, қатпарлардан тұрады.
Аналық жағының шетін, бөліктерінің түгелдігін анықтаймыз және оның бетінде патологиялық өзгерістер (кальцинаттар, майлар) болса анықтаймыз.
Балалық жағы біргелкі, тегіс, сұр түсті болады. Саусақтарымызбен қабықшаларды аша отырып, оның бетінде қосымша жыртылған тамырлар бар жоқтығын анықтаймыз.