Бүйрек ауруларымен науқас жүктілерге, босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету.
Көп жағдайда жүктілік бүйрек патологиясының ағымына кері әсер етеді. Осыған байланысты бүйрек патологиясы бар жүктілер үнемі терапевт және акушер-гинекологтың бақылауында болып, оларға уролог (нефролог), окулист және басқа мамандық дәрігерлерінің кеңесі қажет болады.
Жүктілікті сақтап қалу немесе оны үзу, сонымен қатар бүйрек патологиясының асқынуы, ағымының төмендеуі, амбулаторлық жағдайда емдеуге жатпайтын симптомсыз бактериурия және лейкоцитурия кезеңінде госпитализациялау туралы сұрақтарды шешу үшін арнайы стационар ретіндегі профильді терапиялық (нефрологиялық немесе урологиялық) стационарды пайдаланған дұрыс. Жүктілердің кеш басталған гестозы, нәресте гипотрофиясы (алғаш белгілердің пайда болуы кезінде) және басқа да патология түрлері кезінде жүктілер акушерлік стационарға жатқызылады және арнайы кеңес берулер ұйымдастырылады.
Бүйрек патологиясы бар жүктілер жүктіліктің 37-38 аптасында босануға дайындалу және босану жоспарын әзірлеу үшін акушерлік стационарға жатқызылуды қажет етеді.
Жүктілер патологиясы бөлімшесінде керует санының көп мөлшерде (40-50% керует қоры) болуы осы акушерлік стационар құрылымының ерекшелігі болып табылады.
Науқас жүктілерді қандай да бір бөлімшеге (акушерлік немесе акушерлік емес профильді) жатқызу сұрақтары әйел қалауы мен жергілікті жағдайлар есепке алына отырып шешіледі. Босанғаннан кейін бұл әйелдерге үнемі акушер-гинеколог бақылауы ғана емес, сонымен қатар уролог немесе нефролог бақылауы қажет болады.
Ішкі секреция бездерінің аурулары.
Қалқанша безінің ауруы - гипертериоз (базедов ауруы), гипотериоз (микседема). Олар жүктілік кезінде асқынады. Қалқанша безінің ауруы жүктілікті үзуге көрсеткіш болады. Диабет ауруымен ауыратын әйелдердің жүктілігі де аз кездеспейді. Диабет ауруымен ауыратын әйелдер жүктілік кезінде комаға түсуі мүмкін. Себебі, әйел де, ұрық та инсулинді көптеп қажет етеді. Диабетпен ауыратын жүкті әйелдердің ұрықтары өте үлкен болады, босану кезінде ұрық асфиксиясы да даму мүмкін. Осы ауру кезінде жүкті әйелдер арнайы диета сақтап, көптеп дәрумендер және инсулин қабылдаулары керек. Жүкті әйел үнемі дәрігерлердің қадағалауында болуы тиісті.