Емдеу жолдары. Гестозды, әсіресе, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.
1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.
2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.
3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.
Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.