ЕРТЕ ЭМБРИОГЕНЕЗ
Эмбрионның ерте кезеңдегі дамуында,сарғылт қуық өсіп, қан тамырлар шоғырларымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы сатыларда ұрық амниотикалық сұйықтықпен және үш қабықшамен – децидуалды,хорионмен, амнионмен қоршалып жатады. Децидуалды қабық жатырдың шырышты қабаты аналық жағы, ал хорион мен амнион ұрықтық жағы. Децидуалды қабық үш бөліктен тұрады:
Decidua parietalis – жатыр қуысын қаптап тұратын шырышты қабық.
Decidua capsularis – ұрықты жатыр қуысы жағынан жауып тұратын бөлік.
Decidua basalis – ұрық пен жатыр қабырғасының арасындағы бөлік.
Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.
Амнион (сулы қабықша) плацентаны жіне кіндік бауды қаптап, кіндік сақинасының түбінде ұрық терісімен жалғасады.
Плацентаның құрылысы мен физиологиясы және кіндік бау.
Плацентаның екі беті болады: аналық беті – децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті – түкті хоионнан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |