I кезеңнің ұзақтығы – 10–11 сағат; босанып жүрген әйелдерде – 7–9 сағат.
II кезең — жатыр мойнынын толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы.
Тұңғыш босанушыларда бұл кезеңнің ұзақтығы – 1 сағаттан 2 сағатқа дейін, босанып жүрген әйелдерде 5–10 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Осы кезеңде жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, құрсақ диафрагма және жамбас бұлшық еттері қосылып, әйелдің күшену кезеңі басталады. Күшенген кезде жатыр қуыс қысымы қатты жоғарылап, оның күші ұрықтың жатыр қуысынан шығуына әсер етеді және ұрық бірнеше күрделі қимыддар жасап, төменгі бөлігімен (бас немесе құйрығымен) жамбас түбіне түсіп, оған қатты қысым жасайды. Осыдан кейін қосымша құрсақ диафрагма жиырылуы әйелдің күшенуін ұлғайтып, жиілетіп, ұрықтың төменгі бөлігі жыныс қуысын созады. Әйел күшенген кезде созылған жыныс қуысынан нәресте басының шамалы бөлігі көрініп, қайтадан жыныс қуысына кіреді (күшенбеген мезгілде); бұл бастың "кесіп шығуы" - бастың ішкі бұрылысы бітіп, оның шалқаюы басталады. Егер нәресте басы, әйел күшенбеген мезгілде жыныс қуысының сыртында бір қалыпта тұрса - бұны бастың "жарып шығуы" дейді. Бас толық жыныс ернеуінен шыкқаннан кейін, оның денесі туылып, қағанақ суының артқы бөлігі ағады.
III кезең – нәресте туылғаннан кейін басталады. Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуьгмен аяқталады. Нәресте туылғаннан кейін, бірнеше минут жатыр тоникалық жиырылу қалпында болады, жатыр деңгейі кіндік тұсында анықталады. Осыдан кейін жатырдың ретті жиырылуы басталады - бұны бала жолдасының бөлінуіндегі толғақ дейді, осы толғақтың алғашқы кездерінде плацента жатыр қабырғасынан бөліне бастайды.
Бала жолдасы туылғаннан кейін, жатыр қатты жиырылып, оның деңгейі шатпен кіндік ортасында болады. III кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 300–500 мл аспайды (дене салмағының 0,5%–ті). III кезеңнің ұзақтығы – 5–30 минут Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.
Босану ағымын жүргізу: Бірінші кезеңде босану ағымын жүргізу Дәрігер бірінші кезеңде әйелдің жалпы жағдайын (қан қысымын, тамыр соғуын), толғақ күшінің жиілігін, ұзақтығын, жатыр мойнының ашылу қарқынын және нәресте басының жылжуын анықтайды. Жатырды қолмен сипап, толғақтың күшін толық анықтау жеткіліксіз, сондықтан жатырдың жиырылу қасиетін гистерография, реография, радиотелеметрия арқылы анықтаған жөн.Босану ағымын бағалау үшін партографиялық әдісті қолданады (босану ағымын графикалық тұрғыда бағалау). Бірінші кезеңде – нәрестенің күй–жағдайын, жүрек соғуын бақылау өте қажет. Қазіргі кезде оның жүрек соғуын мониторлық әдіспен бақылайды (КТГ). Босану ағымында КТГ–нің диагностикалық маңызы зор – ұрықтың күй–жағдайын және жатырдың жиырылу қасиетін анықтайды.
Босану ағымында тек сыртқы акушерия тәсілі арқылы жатыр мойнының ашылуын, нәресте басының жылжуын анықтау қиын. Сондықтан қынаптық зерттеу әдісін кеңінен қолданады. Босану кезеңдеріндегі қынаптық зерттеуге көрсеткіштер: