Басының шүйде сүйегімен туылуы екі түрге бөлінеді, оның жиелігі 96%
1. Шүйде сүйегінің алға қарап тууы.
2. Шүйде сүйегінің артқа қарап тууы.
Босану механизмі орындалу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
1. Жатыр бұлшық еттерінің жиырлуы;
2. Диафрагманың (көк еттің) және құрсақ еттерінің жиырылуы;
3. Жамбас түбі бұлшық еттерінің жиырылуы;
4. Нәрестенің бас өлшемі мен жамбас қуысы өлшемдерінің сәйкес келуі;
5. Босану күшінің жеткілікті болуы.
Шүйденің алға қарап туылуы төрт кезеңнен тұрады: бірінші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Босану басталған кезде нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең – бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек – жетекші нүкте болады.
Екінші негізгі кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды (қосымша кезең). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |