Босану кезеңдеріндегі қынаптық зерттеуге көрсеткіштер:
1) жүкті әйел перзентханаға түскенде;
2) қағанақ суы кеткенде;
3) жыныс жолдарынан қан кеткенде;
4) нәрестенің жүрек соғуы нашарлағанда;
5) босану қарқынын анықтау үшін (тұңғыш босанғандарда 6 сағаттан кейін; бұрын босанғандарда 3 сағаттан кейін);
6) екінші кезеңнің алдында.
Қынаптық зерттеуде: жатыр түбі бұлшық еттерінің, қынап қабырғасының (кеңдігін, ұзындығын т.б.) жағдайын анықтай отырып, жатыр мойнынын. ашылу қарқынын, ернеуінің қалың–жұқалығын, жұмсақтығын, қағанақ қуығының жағдайын және ұрықтың төменгі бөлігі – басының еңбектерін, жіктерін және оның жамбас қуысының жазықтықтарына қатынасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |