Жүктілік физиологиясы. Жүктілік диагностикасы. Триместрдегі жүктіліктің барысы және оны басқару. Ұрықтану


Гестозды емдеу. Тек қана емханада, босану үйінде жүргізіледі



бет35/71
Дата04.01.2022
өлшемі107,79 Kb.
#109379
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
3-7ТЕМА АКУШЕР
3-7ТЕМА АКУШЕР
Гестозды емдеу. Тек қана емханада, босану үйінде жүргізіледі.

1. Жүкті әйелдің жататын бөлмесі кең, ауасы таза, тыныш төсек тәртібі сақталуы қажет.

2. Тамақтану тәртібі. Тамақ жеңіл, тез сіңетін, жұғымды, ағзаға қажетті дәрумендерге, микроэлементтерге, ферменттерге, құнды белоктар мен көмірсуларға бай болуы керек. Сондықтан әйелдер көкөніс-жемістерді керекті мөлшерінде қабылдауды тиіс. Сонымен бірге сүт, жас ірімшік, қаймақ, айран, сиыр еті, балық сияқты тағамдарды да пайдаланғаны жөн.

Суды шамалап ішу керек, тәулігіне 800-1000 мл, тұзды мөлшерін де шамалағаны жөн. Әйелдер тағамды аз мөлшерде жиі-жиі (тәулігіне 4-5 рет) қабылдағаны дұрыс.

Кейде жеңілдік күндерін белгілейді. Бұл жағадайда науқас әйел күніне тек 600 гр ірімшік және бір шыны айран не болмаса 1,5 кг алма немесе 1 кг алма мен 250 гр ірімшік қабылдайды.

3. Жүйке қозуын басатын дәрілер. Көбіне дәрілік шөптер, валериан тамыры және т.б., триоксазин, элениум, электроанальгезия, электросон белгіленеді.

1. Қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектер. Гестозды емдеуде көптен бері қолданып келе жатқан дәрі ­ магний сульфаты. Оны көбіне Бровкин әдісімен қолданады. 20 мл 25% магний сульфатын бірінші күні әр төрт сағаттан кейін, екінші күні әр алты сағаттан кейін (4 рет), үшінші күні әр 8 сағаттан кейін (үш рет), ал төртінші күні әр 12 сағаттан кейін (2 рет) бұлшық етке жібереді. Оны көк тамырға да құюға болады. Одан басқа спазмолитиктерден: но-шпа, баралгин, спазмолитин, папаверин, т.б. дәрілерді қолданады.

Раувольфин препараттарынан: резерпин, раувазан, рауседил, т.б.; қан тамырларын қоздыратын амин ингибиторларынан (антигистаминдер): димедрол, пильпольфен, супрастин допегит, метилдофа, клофелин, непроссол, дроперидол; ганглиоблокаторлардан: пентамин, арфонад, гигроний, бензогексоний; адреноблокаторлардан: онид, пироксан, нитроглицерин; қан қысымын төмендететін дәрілерден: эуфиллин, папаверин қолданылады.

Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштік қабілетін жақсарту үшін рутин, аскорбин қышқылын, галаскорбин, кокарбоксилаза қолданады. Гестоздың патогенезінде гиповолемия үлкен роль атқарады. Қан белоктары сұйық плазманы ұстап тұратын қабілетінен айырылады да, ол тамырдың қабырғасынан өтіп, ұлпаларға тарайды. Сөйтіп, бір жағынан ісік пайда болса, екінші жағынан – қанның жалпы мөлшері азайып, гиповолемияға ұшырайды. Гестозды емдегенде осы жағдайды ұмытпау қажет. Сондықтан, волемиялық патологияны емдеу үшін ағзаға әр түрлі сұйық дәрі-дәрмектер құйған жөн. Олардың ішінен, әсіресе, қанның онкотикалық қысымын жақсартатын – гемодез, реополиглюкин, реглюман, альбумин, қанның қатырылған плазмасын, жаңа мұздатылған плазмасын, т.б. ерітінділерді қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет