Жіктемесі: Мезгілінен бұрын босану кезеңдерін айыру: қауіп тудыратын, басталатын, басталған.
Диагностика критерилері: Босанудың басталғанын жатыр мойнының ашылуына әкелетін тұрақты толғатулар білдіреді. Жатыр мойны ашылмаған жағдайда тұрақты толғатулар босанудың басталу белгісі болып саналмайды. Әсіресе жатыр мойнының ақырын ашылу кезінде, мезгілінен бұрын босанудың басталуын іште ауыру және қолайсыз сезінулермен білінетін гастроэнтеритпен, дайындалу толғағы және басқа жағдайлармен салыстырған кезде диагностика жасау қиын.
Мезгілінен бұрын босануға тән: қағанақ суының уақытсыз ағып кетуі;босанудың әлсіздігі, дискоординация немесе аса қатты босану; тез немесе шапшаң босану немесе, керісінше босану ұзақтығының созылуы; бала жолдасының бөлінуінен болған қан кету; босанғаннан кейінгі және босанғанан кейінгі ерте кезеңде бала жолдасы бөліктерінің қалып қоюынан болған қан кету, босану кезінде, сол сияқты босанғанан кейінгі кезеңде қабынудан болған асқынулар; іштегі нәресте гипоксиясы. Тексеру кезінде жүктіліктің тоқталу қаупінің мүмкін болатын себептерін, жүктіліктің мерзімін және іштегі нәрестенің шамамен анықталатын салмағын, оның орналасуын, жүрек қағысының ерекшелігін, әйелдің жыныс мүшелерінен аққан сұйықтықтың сипатын (қағанақ суы, қан), жатыр мойнының және ұрықтық қап жағдайы (бүтін, ашылған ), инфекция белгілерінің бар немесе жоқтығын анықтау қажет, босануды бағалау, мерзімінен бұрын босанудың кезеңін анықтау.