Физикалық тексерулер
Клиникалық симптомдар:
- жыныс жолдарынан қан кету 80%;
- түрлі дәрежедегі айқындықтағы ауыру синдромы;
- локальді аурушаңдық және жатырды пальпациялау кезінде ширығуы;
- ұрықайналасындағы судың қанмен боялуы;
- шок симптомдары (ауырулық немесе гиповолемиялық);
- ұрықтың құрсақішілік гипоксия белгілері (аускультация, мүмкіндігінше КТГ).
Тексеру көлемі:
1. Жатыр мойны мен іншекті айнамен қарау. Іншекте қағанақ суының барлығына көңіл бөлу.
2. Қағанақ суының мерзімінен бұрын ағып кетпеуіне және бала жолдасының орналасуына. Көз жеткізгеннен кейін іншектік зерттеулер жүргізеді. Ішкі аңқаның ашылу дәрежесін, жатыр мойнының ұзындығы мен констистенциясын, іштегі нәрестенің позициясын және кіші жамбасқа түсу дәрежесін бағалайды.
Зерттеу нәтижелерін сырқатнамаға енгізеді. Іншектік зерттеулерді әр 30-60 минут сайын қайталайды. Егер 4-6 сағаттың ішінде жатыр мойны ашылса, мерзімінен бұрын босану диагнозы қойылып, емдеуді бастайды. Қағанақ суының мерзімінен бұрын ағып кетпеуіне күдіктенген кезде іншектік зерттеулерден бас тартады. Бала жолдасының орналасуына күдіктенген кезде іншектік зерттеулер УДЗ-ден кейін жүргізіледі.
3. Мезгілінен бұрын босану басталуының алдын ала қойылатын диагнозын кейде алғашқы іншектік зерттеуден кейін қоюға да болады - тұрақты толғатулар фонында жатыр мойнының ашылуы 2 см -ден көп немесе оның 80%-дан аса қысқарғаны анықталса қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |