Негізгі бейімдеуші қабілеттері:
1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.
2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көкеттері т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.
3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.
4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.
Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гемостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында әйел ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |