Пиелонефрит – жүктілік кезінде дамиды немесе оның өтуі жүктілік кезінде қозады. Жүктілікке тән зәр шығару жолдарының кеңеюі, патологиялық рефлюкс және зәрдің тұрып қалуы құбылыстары микробтануға икемдейді. Пиелонефриттің қоздырғыштары көп жағдайда шартты-патогенді микроорганизмдер – ішек таяқшалары, протеялар, сальмонеллалар.
Клиникасы
Жедел, созылмалы, латентті түрлері кездеседі.Ауру жүктіліктің 22-28 апталарында білінеді.
-Жедел пиелонефритте дене кызуы 39-40 градуске дейін көтеріледі, науқас қалтырайды, басы ауырады, бел маңайы ауырады, әлсіздік пайда болады. Пиоурия (зәрдегі ірің) бактериурия, қанда –нейтрофильды лейкоцитоз байқалады.
- Созылмалы пиелонефриттің бастапқы белгілері ерте балалық шақта дамиды, көптеген әйелдерде аурудың қайталану процесі сирек болады, осыған байланысты олар өздерін дені сау деп есептейді.
Зерттеу әдістері
Созылмалы пиелонефритті анықтау үшін арнайы зерттеу әдістері: зәр тұнбасының сынамалы анализдері, бактериологиялық тексеру керек. Нечипоренко немесе Аддис-Каковский сынаулары зәрдегі лейкоциттерді анықтауға мүмкіндік береді. Пиелонефрит белгісі жоқ кейбір жүкті әйелдерде бактериологиялық тексеру кезінде 1 мл зәрде 100 000 микробты денеден асатын бактериурия табылады. Көптеген дәрігерлер симптомсыз, яғни клиникалық белгісіз өтетін түрін пиелонефрит алдындағы саты деп карастырады.
Пиелонефрит кезінде жүкті әйелдің 40%-да жүктілік гипертензиясы қосылады, жиі (30%-да) жүктілік мезгілінен бұрын аяқталады, перинатальды өлім дені сау әйелдермен салыстырғанда 7-8 есеге жоғары болады. М.М. Шехтман (1980 жыл) мәліметі бойынша жүктілік кезінде дамитын асқынбаған пиелонефрит үлкен қауіптілік туғызбайды. Жүктілікке дейінгі дамитын пиелонефритте және оның созылмалы өтуінде асқынулар жиі кездеседі. Жүктілік кезіндегі жоғарғы қауіпті гипертензия, азотемия, жалғыз бүйректегі пиелонефритте байқалады. Акушерлік әдіс қауіптілік дәрежесін анықтауға негізделеді.

Жеңіл қауіптілікте жүктілік ойдағыдай аяқталады.
Қауіптіліктің 2-ші дәрежесінде ауруханада өткізілетін интенсивті ем және тиянақты бақылау қажет.