Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
Дәрігер креслода тексереді. Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың кіші және үлкен еріндерін ашып, сыртқы жыныс мүшелерін, қынап сағасын, шошақайды, бартолин бездерін және аралықты қарайды.
Айнамен зерттеу Қынап қабырғасын, жатыр мойнын қынап айнасымен зерттейді. Қынаптық зерттеу (саусақпен) Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашып, оң қолдың ІІ және ІІІ саусақтарын қынапқа енгізеді, І саусақты жоғары көтереді, ІV және V саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді.
Жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы;
Қынап қабырғасының созылуы, тегістігі;
Қынап күмбезі;
Жатыр мойнының ұзындығы, пішіні;
Жатыр мойнының сыртқы тесігінің пішіні, ашық, жабықтығы анықталады.
Бимануалды зерттеу Сол қолдың бармақтарымен құрсақтың алдыңғы жағынан жайлап басып, бармақтарды жамбас қуысына қарай жылжытып,екі қолдың бармақтарын түйістіріп, жатырдың орнығуын, пішінін, көлемін, тығыздығын, жылжымалылығын анықтайды.
Анық белгілері:
Жатырдағы ұрықтың мүшелерін Леопольд тәсілдерімен анықтау
Ұрықтың жүрек соғуын стетоскоп арқылы тыңдау
Жүкті әйелдерді зерттеу
Төлқұжат мәліметтері:
|
Аты-жөні, жасы, жұмыс орны, мамандығы,
мекен-жайы.
|
Әйелдің шағымы:
|
Етеккірдің тоқтауы, жүрегінің айнуы, құсуы.
|
Тұрмыс және еңбек жағдайы:
|
Еңбек жағдайы, кәсіптік және зиянды әдеттер.
|
Бала кезінде ауырған аурулары және тұқым қуалайтын аурулары
| |
Етеккір қызметін анықтау:
|
Етеккірдің алғаш қашан келгені, ұзақтығы, соңғы келген уақыты.
|
Бездердің секрет шығару қызметі:
|
Жыныс жолдарынан бөлінетін сұйықтықтардың себептерін анықтау.
|
Жыныстық қатынас:
|
Қай жастан бастап жыныстық қатынаста болғанын, нешінші некесі екенін анықтау.
|
Жолдасының денсаулығы:
|
Жасын, мамандығын, денсаулығы, зиянды әдеттері.
|
Генеративті қызметі:
|
Жүктілік саны, ағымы, жасанды түсік саны, асқынуы, әр жүктіліктегі нәресте салмағы, жынысы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |