Ұрықтың позициясы—жатырдың оң немесе сол жағына қарай арқасының орналасуы.1(арқасы жатырдың сол жағына қараған) және 2(арқасы жатырдың оң жағына қараған) позиция бар.
Позиция түрі — жатырдың артқы неменсе алдыңғы қабырғасына ұрықтың қарауы. Егер арқасы алдына қараса алдыңғы түрі, артына қараса- артқы түрі.
Ұрықтың орналасуы— кіші жамбас қуысы мен ірі мүшелердің (басы мен жамбасы)арақатынасы.
Ультрадыбысты зерттеу
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен ереже бойынша жүктілік барысында үш рет ғана УДЗ жасауға рұқсат берілген. Ол мына уақыт аралығында жүргізіледі: 1. 10-14 апта 2. 20-24 апта 3. 30-34 апта
Алғашқы УДЗ (10-14 апта )
жүктілік мерзімін нақты анықтауға,
ұрықтың дамуында қандай да бір ауытқушылықтар бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
барлық ұрық органдары толықтай дамып, қалыптасады. Осы кезеңде жасалатын УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді:
ұрықтың бет-пішінін,
көзінің арақашықтығын байқап,
мұрын сүйегінің ұзындығын,
ерін және таңдай жырығы ауруларын көруге болады.
Ми, жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, ішек, қуық, омыртқа қалай дамып жатқаны туралы да білуге болады. Сондықтан осы кезеңдегі УДЗ-ның маңызы жоғары.
30-34 апталық кезінде
жүргізілетін үшінші УДЗ-нің негізгі мақсаты – баланың босанар алдындағы жағдайы мен жатырда қалай жатқанын анықтайды.
36-37 аптада жүктіліктің физиологиялық ағымында плацентаның қалыңдығы 3,3-3,6 см. құрайды.
Әдістің нақтылығы 74,8 %
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |