Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (90-100 см-ге тең) Жатыр деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында төмендеп 34-35 см-ге тең. Жамбас өлшемдерін өлшеу 1. Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы (25-26 см). 2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы (28-29 см). 3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы (31-32 см-ге тең) 4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі (20-21 см) Диагональдық конъюгата – шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралық (12-13 см)
Сыртқы акушерия зерттеулері (Леопольд тәсілдері)
1-ші тәсілі: екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Жатыр деңгейін, нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте, ірілеу, жұмсақ, жазықтау бөлігі жамбас болып анықталады. 2-ші тәсілі: екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Қолмен сипап, жазықтау бөлігі арқасы, бұдырлау бөлігі майда мүшелері екенін анықтайды. 3-ші тәсілі: Жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Тығыз,дөңес, қозғалмалы болса-басы. 4-ші тәсілі: оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін анықтайды.