«Жұлдыз» мектепалды даярлық тобындағы балалардың күнделікті өмірін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру циклограммасы
1-аптаға (14-18 ақпан)
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде экологиялық білімдерін жетілдіру. Шығармашылық ойлау мәдениетін дамыту. Балалардың өзіндік шығармашылық қызметтерін іске асыру. Жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу.
Күн тәртібі
Дүйсенбі 14.02.2022
Сейсенбі 15.02.2022
Сәрсенбі 16.02.2022
Бейсенбі 17.02.2022
Жұма 18.02.2022
Балаларды қабылдау
Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең, Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген Бәрін шебер істеген. Бақша-бауды,тауды да Бояған ақ түспенен
Балалар шықты далаға Ойнап,күліп, жүр енді Шаналармен озады Аққаланы соғады
Тауға шықсам – қалың қар, Сайға түссең – қалың қар, Шырша үсті қалың қар, Қар астында, байқаңдар, Ұйықтап жатқан аю бар.
Қар жауады жапалақтап, Дала аппақ қарашы. Шаңғымен ойнаймыз біз, Қыс келбеті тамаша
Ата-аналармен әңгімелесу.
Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу,кеңес беру.
Ойындар(үстел үсті,саусақ және т.б)
Ойын «Сенде не бар, не жоқ?»
Мақсаты: Балаларды бар/жоқ сөздермен сөйлем құрастыру үйрету.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру
Мысалы: Менде көйлек бар. Менде етік жоқ.
Д\ойын «Бұл қай кезде болады»
Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.
Ойын «Сен не кидің?»
Мақсаты: Киім атауларын дұрыс айту. Сөйлем құрастыру. Сөз ішінде қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру.
Мысалы: Мынау құлақшын. Мен құлақшын кидім.
Мен ақ құлақшын кидім
Д\ойын «Суретті құрастыр»
мақсаты: Баланы бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтас суретті құрастыра білуге үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Таңертеңгі
Гимнастика
Таңертеңгі жаттығу кешені
Қолды жоғары көтеріп аяқтың өкшесімен жүреді,
қолды белге қойып аяқтың ұшымен ,аяқтың ішкі жағымен, аяқтың сыртқы жағымен жүреді.Қолды белге қойыптізені жоғары көтеріп жүру, ирелеңдеп жүгіру.
Басты,арқаны түзу ұстап, дұрыс дем алуларын қадағалау.