«Жұлдыз» мектепалды даярлық тобындағы балалардың күнделікті өмірін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру циклограммасы


«Қимылды бағыттау және тұмпалдау»



бет3/3
Дата28.02.2022
өлшемі25,46 Kb.
#133631
1   2   3
Байланысты:
ақпан циклограмма 3 апта
тест жарат ылыст 2 сынып 3 тоқсан, Икт 4 шағын жоба
«Қимылды бағыттау және тұмпалдау»
Мақсаты:Қимылды бағыттау, қозғалу дағдыларын жетілдіру;үлгі бойынша тең заттарды табу әдістерін үйрету.
Д/о «Бағыт бойынша жүр» Мақсаты: белгілі бағыт бойынша «оңға», «солға», «алдыға», «артқа» ұғымдарын қолдана отырып, қозғалуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады:
1ден 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санап айтады. Апта күндерін ретімен атайды.
Түсінеді: Берілген бағытта жүреді.
Қолданады:Биіктігі бірдей заттарды үлгіге қарап табуды.Қағаз бетінде бағдарлауды.(бала үні, сыни ойлау, коммуникативтілік)
3.Өзін-өзі тану.Мжб



1.Музыка МЖБ
2.Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Саңырау құлақ саясында» Мақсаты: Балаларға саңырауқұлақтың тіршілігі жайында түсінік беру, ертегі мазмұнын бойынша диалогты сөйлеуін қалыпатастыру.Табиғатты қорғауға, сүйе білуге оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Ертегіні сахналау арқылы диалогты сөйлей білді
Игереді:Санырауқұлақтың нені жақсы көретінін , күн мен жаңбырдың қасиетін.
Меңгереді: Берілген тапсырмаларды мұқият, тиянақты орындай білді .Ролге еніп сомдауды.
3.Жаратылыстану. Тақырыбы: «Сумен танысу»Мақсаты:Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру. Сумен әртүрлі тәжірибелік жұмыс жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту.Суды дұрыс әрі үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жасайды: Қарапайым тәжірибе жасай алады.
Түсінеді:судың тіршілі иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы. Қолданады:суды үнемдеп,дұрыс пайдаланады.

1.Сауат ашу. Тақырыбы: «В, Ф дыбысымен танысу» Мақсаты: «В және Ф» дыбысымен, оның ерекшеліктерімен таныстыру,айтылуын қалыптастыру, сөздегі {В},{Ф} дыбыстарын ерекшелеу және орнын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Жасайды: «В және Ф» дыбыстарын және В, Ф әріптерін таниды. Көрсетілім бойынша қарапайым графикалық тапсырмаларды орындайды.Түсінеді:жаңылтпаштарды дұрыс айтуды , дыбысты анық ерекшелеуді біледі.
Қолданады:Сөзді буынға бөлу,сөздегі дыбыстың орнын анықтайды.
2.Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы;
«Біздің көмекшілер»
Мақсаты:Диалогті қарым-қатынас арқылы тілдік шығармашылық әрекетті дамыту.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Жай сөйлемдер қолдану арқылы әңгімелейді.
Түсінеді: монологтық ойларын байланыстырып құрастыруды.
Қолданады:мақал-мәтелдерді түсінеді.тапсырманы орындауда дербестік танытады.(бала үні, сыни ойлау, коммуникативтілік)
3.Жапсыру.Мжб
4.Дене шынықтыру.Мжб

1.Сауат ашу. Қайталау
2. Құрастыру
Тақырыбы:
«Киіз үй».Қалдық материалдан құрастыру (пластик бөтелкелерден)
Мақсаты:сурет пен үлгі бойынша ұсынылған тақырыпқа құрылым құрастыру біліктерін жетілдіру.
Д/о:«Сыңарын тап» Мақсаты: Адамдардың тұрмыстық мақсаттағы заманауи электротехникалары мен заттардың бұрынғы кезеңде қолданғандарымен арақатынастарын ажырата білуге үйрету.
Мыс:электр шамы-майшам. Шаң сорғыш-сыпырғыш.электро пеш-ошақ, т.б
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: электротұрмыстық құралдардың атаулары.
Түсінеді: адамның тұрмыстағы еңбегңн жеңілдететін заттардың қызметін.
Қолданады: тұрмыста құралдарды қолдану дағдылары.
3. Дене шынықтыру Мжб

1.Орыс тілі.Мжб
2.Музыка.Мжб
3.Мүсіндеу.Мжб
4.Дене шынықтыру.Мжб.

2-ші таңғы ас

Балалардың мәдени гигиеналық дағдыларын дамыту,тамақтану мәдениетін қалыптастыру.Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету.Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын жетілдіру.

Серуенге дайындық

Серуенге шығу.Балалардың өз-өзіне қызмет ету,дағдылларын одан әрі дамыту(өз шкафтарынан киімдерін алып киінудің
Реттілігін саөтап,дұрыс киінуге және достарының киінуіне көмектесуге үйрету) Серуендеу арқылы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру,еңбекке баулу,таза ауадағы ойындар арқылы белсенділіктерін күшейту.

Серуен

Кешен№1
Қысқы ағаштарды бақылау
Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру. Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.
Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу. Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»
Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Кешен№2
Қар жинайтын машинаны бақылау
Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру. Еңбек: гүлзарға, ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою.
Мақсаты:балалардың эстетикалық танымдарын арттыру.Айналаны әсем етіп көріктендіру. Қимылды ойын: «Аңшы мен коян»

Кешен№3
Саябаққа саяхат
Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар қырш-қырш еттеді,жалтырайды,жылтылдайды басқа қысқа байланысты сөздер қолдану.Балаларды табиғаттың қамқоршысы,жанашыры етіп тәрбиелеу. Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»Мақсаты: тез жүгіруге,жүгірген баланы тез ұстап алуға жатықтыру.

Кешен№4
Күннің көзін бақылау
Мақсаты: күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру. Қимылды ойын: «Жұп болып эстафета ойының жүргіжу»
Мақсаты: шанамен сырғанақ тебу.Балаларды эстафета бір-біріне беруге үйрету.Жолдасы үшін жанашыр,жақсы жолдас болуға тәрбиелеу.
Еңбек: Аққала жасау.
Мақсаты: қармен жұмыс істеуге үйрету.

Кешен№5
Жайсыз ауа райын бақылау
Мақсаты: Балаларға ауа райының жағдайын байқап, белгілеуді ұсыну. Қатты желге назар аудару. Қимылды ойын: «Үшінші артық»
Мақсаты:Шапшандыққа баулу.
Еңбек:Ауланы қардан тазалау.
Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.

Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуін,реттілікпен шкафтарына салуын бақылау жіне достарына көмек көрсетуге баулу.Мәдени - гигиеналық дағдыларын қалыптастыру

Түскі ас

Балалардың мәдени гигеналық дағдыларын дамыту,тамақтану мәдениетін қалыптастыру.Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету.Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын жетілдіру. «Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету.

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау.Ұйқыға жатқызу.Балаларға ертегі оқып беру.

Біртіндеп ұйқыдан
Ояту,сауықтыру шаралары

Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут) Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз

Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.
Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып башпайларымызды бүгу, босату (4-5 рет)



Жалаңаяқ бір бірінің артынан жүру, аяқтын ұшымен жүру, өкшемен жүру, табанның ішкі жағымен жүру, сыртымен жүру.
Арнайы жолдармен жүру.



Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Қолымызды жоғары көтеріп оңға қарай , солға қарай жоғары созыламыз
еденге тигіземіз ( 3- 4 рет)
Жіпке байланған күзгі жапырақтарды үрлеу ( 4-5 рет)



Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру, жүру орнымызға қарай жүгіру.
Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)



Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; ас мәзірімен таныстыру; қандай тағам екенін балаларға айтып түсіңдіру; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар дербес әрекет

Вариативтік компонент
«Жол ережесі» Тақырыбы: «Жол белгілері»
Мақсаты: Сілтеуші және тыйым салушы жол белгілерімен таныстыру. Суретіне қарап жол бойында тұрған жол белгілерді танып айтып беру дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
балалардың танымдық дағдысы қалыптасып,
жолда жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтайды.(бала үні, сыни ойлау, коммуникативтілік)

С/р.о:
«Құрылысшы»
Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Вариативтік компонент
«Сиқырлы сандар»
Тақырыбы: «Заттардың орналасуы»
Мақсаты: Заттар түр-түсіне қарай ажыратуға,санауға үйрету, ретімен орналастыру.
Күтілетін нәтиже: Балалардың логикалық ойлауы дамиды,заттарды санмен сәйкестендіріп тура және кері санауды , реттік орналасуын түсінеді.(бала үні.сыни ойлау, креативтілік)

С/р.о:
«Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Вариативтік компонент
«Ертегілер елінде»
Тақырыбы: «Күшік пен мысық» ертегісі
Мақсаты: Ертегіні рөлге бөліп айтуға, сөздерді буынға бөлінуін дамыту. Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Балалардың танымдық дағдысы қалыптасып,сөздік қоры молаяды,сөздерді байланыстыра біледі.
(бала үні,сыни ойлау,коммуникативтілік)

Серуенге дайындық

Киіну: серуенге шығу.Сыртқы киімдерін реттілікпен киінуге дағдыландыру.



Серуен

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Еске түсіреміз және қайталаймыз», Мақсаты: Маусымдық өзгерістерге балалардың көңілдерін аудару

Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналарға кеңес. «Тұмаудан сақтанайық » жадынама
Санамақтар айтып үйренеміз

Толтырған:Наренова С. Тексерген:Кащиева А.___

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет