8 қазан жаратылыстану Тақырып: су мен тостаған
Мақсаты:балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру. Тостағанның ерекшеліктерін түсіндіру. Судың тіршілік үшін мәні, қажеттілігі туралы түсіндіру. Суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
- балалар менің қолымдағы ыдысты қалай атайды?
- Сендердің үйлеріңде осындай тостаған бар ма?
- тостағанның қандай ерекшелігі бар?
- оның ішінде не бар?
- су туралы не білесіңдер?
- судың қандай пайдасы бар?
- судың түсі, иісі, дәмі қандай?
Сергіту сәті Біз ақылды баламыз,
Әсем сурет саламыз.
Оюлармен заттарды
Безендіре аламыз.
Үй жұмысы: «Тостаған салу және әшекейлеу»
Қағазға бір түсті акварель бояумен тостағанның суретін саламыз, ол үшін алдымен қағаз бетін дұрыс бағдарлап аламыз. Тостағанды беттің дәл ортасына орналастырамыз. Сосын беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз. қылқаламды жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз. Енді осы тостағанды әдемілеп, өздеріңе ұнаған түспен ою-өрнек салып безендіріңдер.
Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңа көп рақмет балалар! Өте қуаныштымын, сендерге сәттілік тілеймін!