Жұлдыздар


Не себепті жасыл жұлдыздар кездеспейді?



бет4/5
Дата07.04.2023
өлшемі5,84 Mb.
#173969
1   2   3   4   5
Байланысты:
324936.pptx
prezentatsiya

Не себепті жасыл жұлдыздар кездеспейді?

Аспандағы кейбір жұлдыздардың әртүрлі түсті болатындығын жай көзбен де байқауға болады. Кейбіреулері қызыл, кейбіреулері көк түсті болады. Негізінде жұлдыздар түрлі түсті болады, бірақ жасыл түсті жұлдыздар кездеспейді. Материя қызған кезде электромагниттік толқындар шығара отырып, жарқырайды. Температура неғұрлым жоғары болған сайын, бөлінетін толқын жиілігі соғұрлым үлкен болады. Көзге көрінетін спектрде қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, қара көк және күлгін түстері жиіліктерінің өсу реті бойынша орналасқан. Қызған денелер инфрақызыл сәулелер шығарады. 500°C шамасында қызған денелер қызыл жарық сәулелерін шығарады, ал 1000°C-та денелер қызғылт немесе сары сәулелер шығарады. Сол себепті, жұлдыз түсі оның температурасына тәуелді болады және ең ыстық жұлдыздар көк түсті болып келеді. Дегенмен, әртүрлі жиіліктегі сәулелер де шығарылады, сол үшін қызыл жұлдыз инфрақызыл және сары сәулелерді аз мөлшерде шығарады. Сонда жасыл жұлдыз тек жасыл сәуле ғана шығармайды, қызыл және көк сәулелерді де аз мөлшерде шығарады. Бұл бізге ақ сәуле ретінде көрінеді, сол себепті біз жасыл жұлдыздарды көрмейміз.

Күн Жерге не үшін қажет?

Күн жердегі бүкіл тіршілікке қажет. Дүние жүзі бойынша адамзаттың энергия қолданымы 15 тераваттқа тең немесе секундына 15 миллион миллион джоулді құрайды. Өсімдіктер 100 тераваттан астам энергияны фотосинтез үшін жұмсайды. Егер салыстыратын болсақ, күн Жерге 170 000 тераватт жіберіп отырады. Есептеулер бойынша жер қыртысында сақталған барлық пайдалы қазбалардың энергиясы Күннен жерге келетін үш айлық энергияға тең екен. Пайдалы қазбалар да Күн энергиясының әсерінен алынған, яғни олар бұрын күн сәулесін сіңіріп, тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардан түзілген. Егер күн энергиясын көп мөлшерде үздіксіз қолданатын болсақ, қиындықтар туар еді, себебі Күн Жер бетінің барлық бөлігіне бүкіл 24 сағат бойы түсіп тұрмайды. Жер Күнді айнала қозғала отырып, әр 24 сағат сайын өз осін бір рет айналады. Бұл бізге түн мен күн ретінде байқалады.Жердің Күнге ары қарап тұрған жағына көлеңке түседі, сол себепті ол жақта түн болады. Ай оң орында тұрған кезде, Күн сәулесін шағылыстырып, қараңғы аймаққа жарық түсіре алады, бірақ Ай толық болғанның өзінде де, оның жарығы күндіз Күннен түсетін жарықтан жарты миллион есе аз болады. Бізге тек қана Күн энергиясымен өмір сүру үшін энергияның сақталу заңын дұрыс қолдану арқылы күндізгі энергияны сақтап, түнде пайдалану қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет