Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит


МРТ: жалпы өт жолынын терминальды бөлімінде конкременттің болуы



бет2/9
Дата03.09.2023
өлшемі392,67 Kb.
#180090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит

МРТ: жалпы өт жолынын терминальды бөлімінде конкременттің болуы
Тапсырма:
1. Алдын-ала қойған диагнозыңыз.
2. Берілген лабораторлы және аспаптық тексеру әдістерін талдаңыз
3. Сіздің ары қарайғы тактикаңыз
Болжам диагноз: Жедел холангит. Себебі-бұл
-Холелитиаздан кейінгі асқыну, өттегі конкременттердің холедохтың терминалды бөліктерін бітеп қалуы;
-Конкременттердің инфекция шақырылуына жағдай жасауы;
-Шарко үштігі белгісінің анықталуы 1)температура жоғары 37,6 2)тоңып, қалтырауы 3) сарғаю
-МРТ көрсеткен терминалды бөліктегі тастан өт гипертензиясы туындауы мүмкін
-Өт қабы пальпацияланбайды, демек, механикалық сарғаю емес
-тікелей билирубиннің жоғарылауы , жалпы билирубиннің жоғарылауы гемолиздік сарғаюдан хабар беруі мүмкін
-Қабыну процесі жүріп жатқан жерде лейкоциттік өрнектің өзгеруі тән( лейкоцитоз)
-Обтурациялық жедел холециститке ұқсайды, бірақ ол үшін өт қабы ұлғайғаны біліну керек, өт туындатқан гипертензия болуы керек
Лабараторлы аспаптық зерттеу:
-УДЗ : удз-да конкременттердің саны ,пішіні, көлемін көруге болады. Егер саны толық көрінбесе тастан түсетін көлеңкесі арқылы санаймыз.
-КТ: удз-дан анықтау қиынға соқтырған жағдайда
-МРТ: диагностикалау қиын болған жағдайда, ерте сатыларында удз-дан анықталмаған жағдайда
-Билирубин мөлшерін қарау: Егер мех сарғыштану(1) болса конюгирленбеген билирубин жоғары; гемол. Сарғыштану болса(2) конюгирленген билирубин жоғары; паренхимат. сарғыштану(3) болса екеуі де жоғары
-ЖҚА: лейкоцитарлы өрнекті бағалау үшін, с –реактивті белоктың бар/жоқ екенін анықтау үшін
-ЖЗА: сарғыштану түрін анықтауға мәлімет береді.
-Рентген арқылы контрастты зат жіберіп(тетраиодфенолфталеин) өттің құрамын анықтауға болады. Егер контрастты затта қалғып жүрсе, салмағы жеңіл холестериннен түзілген конкремент болады.
Әрі қарайғы тактика:
-Алдымен конкременттің құрамын анықтаймын. Егер тек холестериннен тұрса литолизис әдісін қолданып урсофальк немесе хенофальк арқылы ерітіп жоямын. Егер қатты немесе аралас тастар болса литотрипсия әдісімен бөлшектеп он екә елі ішекке қарай шығарамын.
-Тастың өт қабының өзінде емес холедохтың терминалды бөлігінде тұрғандықтан хирургиялық емге қарағанда консервативті емді қолдану тиімдірек деп санаймын.
-Егер рецидив қайталанған жағдайда немесе қайталануының алдын алу қажет деп санаған жағдайда , тасты ерітіп жойғаннан кейін өт қабын хирургиялық жолмен алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет