Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


 Ю.В. Громыконың ғылыми мектебінде метапәндердің жіктелуі  Метапәндер



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ

 

Ю.В. Громыконың ғылыми мектебінде метапәндердің жіктелуі 
Метапәндер
Білім
Проблема
Белгі
Белгі


64 
Зерттеу жұмысымызда Ю.В. Громыко жіктеп көрсеткен осы «Білім», 
«Белгі», «Проблема», «Тапсырма» пәндерін негізге аламыз.
Метапәндер
 
бірнеше оқу пәндерінің материалымен бір мезгілде жұмыс 
істеуді қамтитын оқу пәндері болып табылады. Бұл – оқу материалын 
интеграциялаудың 
ойлау 
әрекеттік 
типі 
және 
ойлаудың 
базистік 
ұйымдастырушыларына рефлексивті қатынас ұстанымы негізіне алынатын 
жаңа типтегі оқу пәні болып табылады. Оның аясында:
- білім алушылар әртүрлі пәндік материалда жаңа ұғыммен жұмыс істеудің 
өзіндік тәсілін біледі;
- оқушының жұмыстың өзіндік үдерісін рефлексиялауды бастауы үшін 
жағдайлар құрылады;
- әдеттегі оқу пәндерінде ең алдымен «өтілген» оқу материалындағы білім 
ерекше құнды болып бағаланады, ал метапәндерде оқушылар мен 
мұғалімдердің теңдей жауапкершілігімен, жеке және барлығымен бірге 
орындалатын 
еркін ойлау әрекеті жүзеге асырылады 
[164]. 
«Белгі» метапәнінің 
аясында оқушылардың сызбалау қабілеті 
қалыптасады, олар сызбаның көмегі арқылы өздері түсінетін және айтқысы 
келетін ой-пікірлерін көрсетуді үйренеді, ойлануға немесе ойдан шығаруға, 
бірнәрсені жасауға тырысады. Белгілі болғандай
ойлау сызбаларда жүзеге 
асырылады
. Алайда ойдан құрастыруға, зерттеуге, тануға ұсынатын нысанның 
сызбасын құру оңай емес. Кез-келген графикалық бейне немесе сурет сызба 
болып саналмайды. Сондықтан аталған метапәнде оқушылар әртүрлі пәндік 
материалдағы сызбалармен жұмыс істеуді үйрену үшін арнайы 
сызбалық 
алфавитті
меңгереді. 
Бұл жұмыс оларға дәстүрлі оқу пәндері аясында жаттайтын графикалық 
бейнелерді саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді (мысалы

дүниетануда – 
деректері бар әртүрлі кестелер; математикада 

фигуралардың сызбалары және 
фигуралардың өзі; қазақ тілінде 

сөз құрамына, сөйлем, сөйлем мүшесіне 
талдау сызбалары
 
және т.б.). Осы әртүрлі графикалық бейнелерден кейін 
оқушылар оларда көрсетілген идеалды мазмұнды ойша көруді үйренеді. 
Сондықтан оқу материалының ауқымды көлемін жаттаумен байланысты 
қиындық жоғалады. Демек бастауыш оқыту үдерісінде балаларды белгілер мен 
символдарды сызбалау, түсіну, құру және қолдануға оқыту жүзеге асырылып, 
белгілердің ойлау әрекетінің әртүрлі үдерістерінде 

қарым-қатынаста, 
түсінуде, ойлауда, рефлексияда, әрекетте қалай «өмір» сүретінін оқыту мүмкін 
болады [165]. 
Белгілермен жұмыс барысында алғаш рет әдіс құрылады, грек тілінен 
аударғанда, «әдіс – таным жолы» дегенді білдіреді. Белгілер адамзаттың 
тіршілік етуі кезеңінен бастап пайда болған. Белгі қарым-қатынас құралы 
болды. Оның құрамында ақпарат болады.


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет