Құймалы жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарың механикаландару



бет4/6
Дата26.09.2022
өлшемі39,18 Kb.
#150717
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15-ші аптаның дәрісі

Құю және төгу пункттері және
олардың техникалық жабдықталуы


Құю (ағызу) пункттері

Құю (ағызу) пункттері жалпы емес пайдалану орындарында (ЖЕПО) – мұнай өңдеу заводтарының қатынау жолдарында, мұнай базаларында және қоймаларында орналасады.


Құю және ағызу жүк пункттері мұнай бзалары мен мұнай қоймалары деп бөлінеді.
Мұнай базалары – бұл мұнай өнімдерінің атаулары мен сорттарының маңызды санын қабылдау, сақтау және жіберуге қызмет ететін құрылыстар кешені. Мұнай базалары қамту ұйымдарына тиесілі болады. Олар уақытша сақтау және үлестіру пункттері деп бөлінеді.
Мұнай қоймалары – бұл кәсіпорындар мен көлік ұйымдарының құрамына кіретін қоймалар мен сақтау орындары. Мысалы: локомотив деполарында сондай-ақ қоймалар болады.


Мұнай базаларының техникалық жабдықталуы

Мұнай базасының аймағында келесі аумақтар болады:



  • теміржол жолдарының (қатынау, тиеу-түсіру, жалғау және т.б.), автокөліктік қатынау және өту жолдарының, төгу-құю тіреушіктер мен эстакадалардың және сорғы қондырғыларының құрылуымен мұнай өнімдерін құю және ағызу аумақтары;

  • сақтау аумақтары, мұнда мұнай өнімдеріне арналған резервтік парк, резервуарларда өрт пайда болған жағдайда оны сөндіру үшін қажет көбікті өндіретін көбік аккумуляторлық және көбік реактивті станциялар орналасады;

  • оперативті аумақ, мұнда мұнай өнімдерін ұсақ партиялармен автоцистерналарға, контейнерлерге, бөшкелер мен бидондарға жібереді;

  • электр станция немесе трансформаторлық кіші станция, от жағатын бөлме, су соратын бөлме, механикалық шеберханалар, материал қоймасы және т.б. кіретін қосалқы техникалық құрылыстар;

  • әкімшілік-шаруашылық құрлыстар;

  • жауын суларды және төгілген мұнай өнімдерін жинауға арналған тазарту құрлыстары;

Сыйымдылық түріндегі мұнай қоималары төмендегідей болуы мүмкін:

  • жер үстілік, оларда сұйыққойма түбі немесе қойма ғимаратының едені жанасатын алаңшаның жоспарлық белгісімен бір денгейде немесе одан жоғары орналасады. Сұйыққоймалар немесе мұнай өнімдерін сақтау ғимаратына жанасатын алаңша деп оның қабырғаларынан 3 м шегіндегі аумақ саналады;

  • жер астылық, мұнда сұйыққоймадағы сұйықтықтын ең жоғарғы денгейі жанасатын алаңшаның жоспарлық белгісінен 0,2 м кем емес төмен орналасады. Оларға сонымен қатар сұйыққоймадағы сұйықтықтын ең жоғарғы шақтамалы денгейінен 0,2 м кем емес жоғары төгіндісі бар сұйыққоймалар жатады;

  • құрастырылған.

Мұнайды және мұнай өнімдерін сақтау цистерналарында тасмалдау кезінде темірбетон және металды тік сұйыққоймалар пайдаланылады. Мөлдір мұнай өнімдері (бензин, лигроин және керосин) темірбетон, ал майлар – металды сұйыққоймаларда сақталады.
Ең қарапайым қойма бұл қызбау үшін күннен қорғау бояумен қорғалған цистерна түріндегі жер үстілік шан. Сақтау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен мөлдір мұнай өнімдерінін булануына мүмкіндігінше жол бермеу үшін жүзіп тұратын шатыр жеңіл материалдан жасалады. Ағызу немесе құю 5-келтекқұбырына 6-құбыржол жалғанады. 3-бақылау терезесі құйма биіктігін бақылауға арналған. Тұрақ (калонка) – бұл ағызу және құю құрылғысы. Мұнай өнімі айырушы 1-құбыржолдар-жинағыштар жүйесі арқылы қоймаға (сақтау орнына) түседі. 2-тұраққа 5-икемді шлангімен жалғанған 3-сорғыш құбыржол бекітіледі. Осы шланг арқылы мұнай 6-цистерна қазанына келіп түседі. Тұрақ сонымен қатар ағызу (келтеқұбыр) құрылғысымен жабдықталған ол 2-тұраққа жалғасады, оған 5-икемді шлангімен жалғанған 3-сымы бекітіледі. Осы шлангі арқылы мұнай 6-цистерна қазанына келіп түседі.
Цистерналардың жеке тұрақтар арқылы немесе арнайы сұйыққоймалардан толтырылуы жүк айналым мөлшері шамалы станцияларда жүзеге асырылады.


Ағызу және құю эстакадасы

Эстакадалар мұнай өнімдерінің үлкен мөлшерін өздігінен және мәжбүрлеп құю және ағызу үшін қызмет етеді. Ағызу және құю эстакадасы екі жағынан теміржол жолдары мен цистерналар орналасқан бір қатар тұрақтардан құралады.


Эстакадада тұрақтар (колонкалар) саны цистерналар санына тең болады.
Лақтырынды көпіршелер жұмысшылар өтуіне арналған. Төсеніш (көпірше) бойынша жұмысшылар эстакададан цистерналарға өте алады.
Эстакадалар біржақты және екіжақты, сонымен қатар бір немесе бірнеше жинағыштармен болуы мүмкін, бұл олардың қайта өңдеу қабілетін анықтайды.
Құю шепі әртүрлі эстакадаларды (бірнеше цистернадан тұтас маршрутқа дейін) жұмыс көлемі ауқымды (тәуілігіне 100 және одан да көп цистерна) станцияларда пайдаланылады. Эстакадаларға мұнай өнімдері сорғыштармен беріледі. Мұнай өнімдерін құю процесін жылдамдату үшін эстакадаларда әртүрлі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған құрылғылар пайдаланылады. Осы құрылғылармен құйма бақыланады. Мұндай құрылғыларға автотоқтатулар немесе мөлдір өнімдер құюлуын пневматикалық шектегіштер жатады, олар цистерна қазаны белгілі деңгейге дейін толтырылғанда сорғыш жұмысын автоматты түрде тоқтатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет