Жылжымалы құрам және оны құюға дайындау
Цистерналар сипаттамасы
Тасымалданатын құймалы жүктер (3 класс) тегі бойынша цистерналар келесі арнайы типтерге бөлінеді:
бензин тасымалдауға арналған «Бензин» жазуы бар цистерналар;
мұнай тасымалдауға арналған «Мұнай» жазуы бар цистерналар;
мұнай мен бензин тасымалдауға арналған цистерналар. Мұнай мен бензин тасымалдауға арналған цистерналарды бензин (мөлдір құйма) құюға беру кезінде, олар арнайы тазарту жөніндегі дайындық операциясынан өту керек, бұл ұзақ процесс болып табылады. Осындай типті цистерналарда мұнайды тасымалдау үшін (күңгірт құйма) арнайы дайындық қажеті жоқ.
мазуттарды тасымалдауға арналған «Мазут» жазуы бар цистерналар;
битумдарды тасымалдауға арналған арнайы шанапты үсті ашық вагондар (ШҮВ);
химиялық жүктерді (қышқылдар, сүйықтатылған газдар және т.б.) тасымалдауға арналған арнайыландырылған цистерналар. Құйылатын өнім құрамы берілген өнімді тасымалдауға қойылатын техникалық шарттар талаптарына қатаң түрде сәйкес келуі керек. Мысалы, «Қышқылдар» деп таңбаланған қышқылдарды тасымалдауға арналған цистерналар (5 класс) қышқылдарды тасымалдауға қойылатын техникалық шарттар талаптарына сәйкес келуі керек. 2 класс жүктерін – қысылған, сұйықтатылған және қысыммен ерітілген газдарды тасымалдауға арналған цистерналар осы жүктер тегі бойынша терең арнайыландырылған болады. Бұл жүктер тасымалдауда ең қауіпті болады және арнайы алдын ала сақтандыру шараларын талап етеді. 2 класс жүктері цистерналарында «Пропан», «Бутан», «Сұйықтатылған газ» және т.б. жазбалары болады; қауіпсіз жүктерді – тамақ өнімдерін тасымалдауға арнайыландырылғандарының (спирт, шарап, сүт). Патока, өсімдік майы және басқа да тамақ өнімдерін қалыпты құрамды арнайыландырылған цистерналарда тасымалдайды.
Құймалы жүктерді сонымен қатар арнайы контейнерлерде тасымалдайды. Тасымалданатын жүк түріне қарай оларды келесі топтарға бөледі:
құю және ағызу алдында арнайы қыздыру құрылғыларын қажет етпейтін ақпалы жүктер үшін (қышқыл, этил және метил спирті, органикалық еріткіштер және т.б.);
құю және ағызу алднда қыздыру құрылғыларын талап ететін орташа тұтқырлықты жүктер үшін (мөлдірлегіш және минерал майлары, кейбір мұнай өнімдері);
ыстық қалпында құйылатын және 00С жоғары температураның өзінде қатып, монолитке айналатын, тұтқырлығы өте жоғары жүктер үшін (парафин, синтетикалық фенол және т.б).
Бұл арнайы контейнерлер жүк жіберуші мен жүк алушыға тиесілі болады, олардың теміржол құрамына тиелуі және түсірілуі әдетте кәсіпорындардың қатынау жолдарында жүзеге асырылады.
Контейнерлерді платформаларда немесе үсті ашық вагондарда жиынтықтар түрінде тасымалдайды және барлық жиынтыққа жүк жіберуші бір жол қағазын жазады.
Бұл тәсілдің кемшілігі кері бағытта бос жүріп келу болып табылады.
Жылжымалы құрамның құю және ағызу тұрғысынан
құрылуы және құрылымы
Цистерна қазаны төрт және сегіз осьті арбашықтарда орналасады.
Сегіз осьті арбашықтарға орналасқан цистеналарда толық төгілуді қамтамасыз ететін шамалы еңіс болады. Цистерна қақпақтарының екі рәзеңке қымтағышы болады. Тиелген, сонымен қатар бос цистерналар қақпақтарына ЗПУ орнатылады. Тек жоғарғы жүк тиеу тесігі бар цистерналар болады. Олар тек бензинге арналған.
Құймалы жүктерді тасымалдау үшін төмендегі цистерналар пайдаланылады:
барлық мұнай өнімдерін төгу мүмкіндігін беретін Л.А.Шадура, О.Г.Бойчевский, Л.С.Сигин профессорлары құрастырған әмбебап төменгі төгу аспабымен (ӘТТА) қамтылған. Бұл құрылғы ерекшелігі оның клапаны жоғарғы жақтан қақпақ астынан тұтқамен ашылатындығы. ӘТТА жамылдыратын тұтқа оның ашылуына жол бермеу үшін, яғни адамдар қатынауын шектеу үшін және жүк тұтастылығын қамту үшін жасалған. ӘТТА арқылы бензин төгіледі, өйткені оның тұтқырлығы төмен болады. Барлық мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жаңа цистерналардың төменгі төгу аспабысыз әмбебап құрылғылары болады. Жүкті қалпақтың жоғарғы жүк тесігі арқылы сорғы құрылғыларымен құяды (мөлдік мұнай өнімдері – бензин, лигроин және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |