Жұмыс бағдарламасы балалар аурулары пән бойынша (пәннің аты) 051102



бет43/64
Дата24.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#175303
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
det bol det xir kz

Ситуациялық есептер.


Есеп №1. Коля Н. 5жаста, стационарға ангинадан соң 2 аптадан кейін түскен. Стационарға түсер алдында шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, температураның 38,2ос дейін жоғарылауы байқалған, көз астында ісінулер пайда болған, кешке қарай диурез азайған, бет, балтыр ісінулері ұлғайған.
Қарағанда: бала әлсіз, терісі бозғылт, температурасы 37,5ос, АҚ 125/80 мм.с.б.б,асцит, бет, балтыр, бел аймағының айқын ісінулері, соңғы 6 сағатта зәрі шықпаған.
Зәр анализі: тығыздығы анықталмаған, зәрі аз, белок-16,5%, Л-3-5 к/ал, Э-1-2 к/ал, гиалинді цилиндр-0-2 к/ал.
Анамнезінен баланың ангинамен жиі ауырғандығы, бұрын зәрде өзгерістер болмағандығы анықталды.
Сұрақ: 1. Толық диагноз койыңыз?
2. Ем тағайындаңыз.
3. Тексеру жоспары.


Есеп№2. Ғалия С. 2ж 6ай, стационарға ем алуға жатқан. Бала қалыпты жүктіліктен, сау ата-аналардан. 6айда ОРВИ, 7айда 1-АКДС кейін тырысу, температура 40ос дейін жоғарылаған. Зәрде өзгерістер алғаш рет 2 5айда анықталған. Балада бет ісіну, асцит пайда болған, АҚ 160/100 мм.с.б.б. холестерин-34,8мг/л, зәрде белок-18%, Э-100 дейін к/ал, Л-30 к/ал, цилиндр-10 к/ал.
Сұрақ: 1. Негізгі синдромдарын ажыратыңыз.
2. Клиникалық диагнозды койыңыз.

1. Тақырыбы: Балалардағы жедел пневмонияның диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеу қағидалары.
2. Оқу сағат саны: - 7сағ.20 минут
3. Тақырып өзектілігі:
Жалпы ауру көрсеткіштерінің ішінде тыныс алу мүшелерінің аурулары алғашқы орында. Тыныс алу мүшелерінің инфекциясы әр жаста ерекше өтеді. Бұл өзгерістер тек өкпедегі патологияға ғана емес, организмнің инфекцияға жалпы реакциясының ерекшелігіне негізделген.
Ауруханаішілік пневмония антибиотикте тұрақты микроорганизмнен шақырылады және деструктивті процесстердің қосарлануынан болады. Дұрыс емдеудің нәтижесінде толық жазылады. Кейбір ауруларда сегментарлық пневмосклероз, созылмалы пневмония туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет