Жұмыс бағдарламасы Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық



Дата22.06.2017
өлшемі15,69 Kb.
#19881

   Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы

  • Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық
  • Н.Ә.Назарбаев

“Қабілет” түсінігінің ғылыми үш негізгі көрсеткіші

  • 1.Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
  • 2.Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  • 3.Қабілет-нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Мақсаты

  • Бағдарламаның мақсаты:
  • «Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтау, бейімі мен қызығушылықтарына байланысты білім, білік, дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамытып,шыңдау және ғылым жолына бағыт бағдар беру, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»  

Міндеттері

  • 1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
  • 2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
  • 3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау; 
  • 4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
  • 5. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді

  • Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау
  • Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау
  • Үшіші кезең.
  • Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру
  • Төртінші кезең. Дарынды оқушылардың жетістіктері

Бағдарлама бағыты:

  • Шығармашылық бағыт
  • Пән олимпиадалар бағыты
  • Зияткерлік бағыты
  • Жобалау-зерттеу бағыты
  • 1.     Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
  • 2.    Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
  • 3.     Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
  • 4.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
  • 5.     Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
  • 6.     Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана
  • отырып оқыту.
  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер

  • “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)
  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
  • Кім неге бейім? әдістемесі
  • Дарынды баланы қалай тануға болады?
  • Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын.
  • Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар.
  • Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
  • Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Дарындылық түрлеріне анықтама

  • Жалпы дарындылық түрлері:
  • Көркем дарындылық
  • Дарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді.
  • академиялық дарындылық
  • Мұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Ақпаратты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді.
  • Шығармашылық дарындылық
  • Шығармашылық бағытта дарынды балалар:
  • • шарттылықтар мен беделге көнбейді;
  • • пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;
  • • әзіл, қалжыңды жақсы көреді;
  • • жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;
  • • жарқын темперамент.
  • Интеллектуалдық дарындылық
  • • интеллекті ортадан жоғары;
  • • шешім қабылдай алады;
  • • дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;
  • • икемділік, бейімделгіштік;
  • • жауапкершілік сезімі;
  • • өз біліміне сенімділік;
  • • ойын анық жеткізе білу.
  • Спорттық (психомоторлық) дарындылық:
  • Спорт өмірінде белгілі бір жетістікке жеткен оқушылар
  • ерік жігерінің жоғарылығы;
  • мақсаткерлік
  • физикалық дайындығы
  • мақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну
  • Шығармашылық дарындылық
  • 21 %
  • Көркемдік дарындылық
  • 32%
  • Интеллектуалдық дарындылық 15%
  • Психомоторлық дарындылық
  • 24%
  • Академиялық дарындылық 8%
  • Дарындылық түрлері
  • Шығармашылық дарындылық
  • Көркемдік дарындылық
  • Интеллектуалдық дарындылық
  • Психомоторлық дарындылық
  • Академиялық дарындылық
  • Ғылыми практикалық конференциялар жобалар
  • Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері
  • Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру
  • Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест
  • Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар

Мұғалімдердің жұмыс жүйесі:

  • Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
  • Дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды жасау, жетілдіру;
  • Дарынды оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға, мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарына қатыстыру;
  • Олимпиада резертерін дайындау.
  • Дарынды балаларды дамытуда мектеп пен отбасы байланысын жүзеге асыру:
  •  Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, дарынды балалармен сабақтарды ұйымдастыру, жүргізу
  • Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
  • Дарынды оқушылар апталығын ұйымдастыру.
  • Мектептің материалдық базаны дамыту.
  • Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар базасын дайындау, құру.
  • Қосымша сабақтарды тиімді ұйымдастыру.
  • Пәндерді таңдауда , практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
  • Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (ақпарат стенді, )

Проблемалар

  • Осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми – әдістемелік қолдаудың әлсіздігі
  • Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата – аналар ынтымақтастығының орындалмауы
  • Оқушының пәнді дұрыс таңдауына көңіл бөлінбегендігі
  • Пән бойынша олимпиада тапсырмалар базасының аздығы.
  • Олимпиада тапсырмаларын орындауда мұғалімдерің қиындықтарға тап болуы.

Шешу жолдары

  • Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру
  • Өз білімін жетілдіру тақырыптарын қайта қарастыру.
  • Пән апталықтарында үнемі олимпиадалар ұйымдастыру.
  • Әр пән бойынша олимпиада тапсырмаларын жинақтауға база құру.
  • Олимпиада резервтерін қайта құру
  • Пән мұғалімдерінен олимпиадаға дайындық жұмысының есебін тоқсан сайын қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет