Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.
Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
Қызыл кітап
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Република Президенті Н. Ә. Назарбаев ББҰ-ның Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірген. Экологиялық мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік»концепциясында қарастырылған (30.04.96ж.)
Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамьіның алдында түрған эколоғиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алын отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні — табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктеріп қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудап тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғаммның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттың, бірқалмиты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдармссыз дамиды. Мұндай дамуды — тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығм өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежузілік коршаған орта мен даму комиссиясы "Біздің жалпы болашағымы" атты есебінде «коршаған орта ушін қауіпсіз, жолда экономикалың дәуірге» аяқ басуға шақырды, Алғаш рет «тұрақты даму» конценциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне кауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың жерін мұраға алған жоқпыз Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан). 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.
Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Сонымен қатар конференцияда мәлімдеме мен екі концеиция — климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологая, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰның конференциясы барлық елдердіц үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.
Қазақстан Републикасының Үкіметі ұсынған «Казақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу конценциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейін нақты мысалдар келтірді 1992—1998 жылдар аралығында Казақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Казіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде.
Олар:
• бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
• суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
• жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау болды.
«ХХІғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары.
(М.Китинг бойынша)
Мәселе
|
Мәселенің қысқаша мәні
|
1
|
2
|
Кедейлікпен күрес
|
Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 млрд-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму: білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық көмек.
|
Тұтынудың құрылымын өзгерту
|
Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
|
Халық және тұрақтылық
|
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 млрд-дан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд-қа жетеді.
|
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту.
|
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
1) СПИД пен күреске жұмылдыру;
2) туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
3) бала өлімін кеміту;
4) халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
5) еркектер мен әйелдердің өздерінің балаларының санымен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
6) халықты ауыз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
7) балалардың денсаулығын қорғау;
8) қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау.
|
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)
|
2000 жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбанизациясы экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60 –ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
|
Атмосфераны қорғау
|
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны өндіру мен тұтыну.
|
Жер ресурстарын тиімді пайдалану.
|
Топырақтардың құнарлылығы су және жер эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
|
Ормандарды жоюмен күрес
|
Ормандар топырақ пен суды атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет.
|
Шөлденумен құрғақшылықпен күрес.
|
Шөлдену- бұл ауа-райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайлымдарының деградиясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылықпен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
|
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану
|
Теңіз суының ластануының шамамен 70 -ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрлыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
|
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану
|
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр, 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
1) қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз суымен қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
3) барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
|
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру
|
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10 000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 90 келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
|
Қатты қалдықтармен шайынды суларды жою
|
Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 52 млн. адам, оның ішінде 4 млн. балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
|
Радиоактивті қалдықтарды жою
|
Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасмалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3 төмен, ал 10 мың м3 жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
|
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.
|
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3 –не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
|
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.
|
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың арттуы, демографиялық тенденциялар, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
|
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигон жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:
Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
ҚР-ғы Ақсу-Жабағлы қорығы қай жылы кұрылды?
Тұрақты даму дегеніміз-бұл:
Биосфералык корықтар туралы халыкаралык конференцияда Севилья стратегиясы кай жылы- кабылданды?
Қорық дегеніміз не
ҚР-ның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңы қай жылы қабылданды
№ 11 дәріс. Экологияның қысқаша тарихы.
1. Экологияның тарихы.
2. Экология ғылымының даму кезеңдері:
Экологияның қысқаша тарихы.
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды. Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді. XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.
2 .Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Қазіргі заманда экологияда математикалық әдістер, ақпарат теориясы мен кибернетика әдістері қолданылады. Кең қолданылатын ЭВМ көмегімен іске асырылатын модельдеу әдісі. Мониторинг ұғымы 20 ж. пайда болды, ғылымға 70 ж. енгізілді. Мониторинг – қоршаған орта жағдайларына бақылау жасау, ол 3 іс-әрекет жиынтығынан тұрады:1. Бақылау - қоршаған орта жағдайларына систематикалық бақылау;
2. Болжау - табиғат және антропогендік факторлар әсерінен қоршаған ортаның өзгеру күйін болжау;
3. Басқару – қоршаған орта жағдайларын реттеу іс-шаралары.
Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология.
Аутэкология-жек организмдер арасындағы қарым қатынастарды оның ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Демэкология-бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Синэкология-бірлестіктер экологиясы ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді.
Ғаламдық экология-табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Экология тарихын қалай түсінесіз?
2.Экологияның негізгі міндеттері мен мәні қандай?
3. Қандай экологиялық бөлімдерді білесіз?
4.Адамның күнделікті қызметінде экологаялық білім қажет пе? Өзіңіздің айтқандарыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.
5. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі қай жылдарды қамтиды?
Дәріс № 12. Экологияның бАЛА ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫна әсері.
1. Экологияның бАЛА ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫна әсері.
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсау- лық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Экологияның бАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫна әсері.
Экологияның АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫна әсері.
№ 13 дәріс. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ.
1. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ.
Литосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса мыңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдарының өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтерінің аккумалияторы: ол оларды өзіне жинақтап, су мен шайылып кетуден сақтайды, өхінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, құрғақшылық т.б.) әсеріне қарсы түра алады .бырақ топырақ көптеген антропогентік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану т.б.)ұзақ уақытқа созылатын әсерінен сезімтал келеді. топырақтың құнарлығы адам іс - әрекетінеде байланысты .
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрлыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта отырып, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса , топырақ – анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылм әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай жасау.
Топырақтың қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа менжер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен атропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбеие береді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ дегеніміз не.
№ 14 дәріс.. Қазақстандағы радиациялық жағдай
1. Қазақстандағы радиациялық жағдай
2. Семей ядролық полигоны снақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі-радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де басқа да механизмдері де жоқ. Қоректі тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мқлшерге дейін жинулуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалады. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауады, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізіледі.
Олар Қазақстан территариясының біраз бқлігінің радиациялық ластануына ікеледі. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльнда кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейңн құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территариясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады. Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атлмдық өнеркәсіп орындары, ғаламдағы жауындар, халық шаруашылық мәселелеріне шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полиганы. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65-100мкм/сағ. болғанын көрсетеді.
Кейбір жерлерде 120/500 мкм/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиацилық фоны 120-150 мкм/сағ. құрған.
Бъұрын жүргізілген ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байланған α және β белсенділіктің жоғары деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстңкке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнарларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторинг бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғирадиоактивтілігі оны құрайтын метериологиялық әрекеттіліктің түзулуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және кқсмостық сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтің фон әр түрлі болу мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларынада (Каспий, Арал теңіздері, Балқа көлі)6-8 мкр/сағ. болса, граниттік массадан тұратын территорияларда 50-60 мкр/сағ. құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ., ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық фон 10-18 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жағары конценрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі бала бақшасы жабылған (радионның концентрациясы 4000 Бк/кум. м).
Елімізде үкіметтік емес эколгиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы» заідарында жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радиациялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істейді.
Қалалардағы ауаның ластануы, жердің азуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарындың көбеюі, жер асты және жер үсті су көздеріні ң ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендеріні ң ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазір үлкен деңгейде болып отыр. Арал өғірінің 559,6 млн.га жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шаңның ағындығы 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. куб. м. тұрмыстық және 700млн тонна өнеркәсіптік қалдықтар олардың ішінде 84 млн. тонна уландырғыш т.б. жинлады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өңдеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метрді алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрылысын салу туралы әңгіме сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 2005 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалам-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егемен ел ретңнде, әлемдік өркениеттің бір бқлігі саналатын Қазақстанда АЭС-ның болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар іріктемлеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны та,ы дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергияның 90 пайызы АЭС өндіргенмен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған.
Демек, АЭС құрылысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көздерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – Қазақстан қазір АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады.
Әдебиеттер
1. Жұмабеков С.Ж. /Ғылыми диссертация материалынан/. Алматы-2001ж.
Приходко “ОБЖ” М. 1988 г.
Ильин Л.А. Основы защиты населения от ОМП Минск , 1988
Николаев Л. А Медицинская помощ при поражения проникающей радиацией и отравляющими вежествами Минск, 1975
&&&
$$$002-014-002$3.2.14.2 Семей ядролық полигоны снақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жанурлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары өте ауыр болды. Семей маныңдағы радияциялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе көп болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрекқан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адмдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалр көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауып болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтын төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрыңғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одығың аса маңызды стратегиялық объектісі болды.
Осынау полигонның кемел инфрақұрымы: Курчатов (Семей – 21), реакторлар кешені, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ аландарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжирибелік алаңдарды қамтиды.
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарыңда 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруның қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Оларды 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуә кеңістінде жасалды.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе коп болды.
1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.
Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткеледің өлі денесі табылған.
Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрстекіш снаряды) плутоний зарядан жер бітенді сынақтан өткізу жарылысы деп атады.
Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.
Полигонда жаңа таталды жұлдыздың туун Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қазақстандағы радиациялық жағдайға баға беру
2. Семей ядролық полигоны снақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсерін ашу.
№ 15 дәріс. Топрыақтың маңызы мен қасиеттері.
1. Топрыақтың маңызы мен қасиеттері.
2. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары.
1 Топрыақтың маңызы мен қасиеттері.
Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйедегі деп қарастыруға болады.
В.В: Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заідылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ – зат айналымының маңызды буыны. Биологиялық айналым тапырықтан басталады: одан миниралдық зататр мен су сіңіреді де, айналым редуцент – ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру коплексінде энергия мен химиялық элементтер шығарылады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ертінділерді тазартуда күшті зүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарды туркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазіргі тундраларда қазба түрінде дала жіне субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тін құмды топырақтар кездеседі. Бқл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қалқанжапырақты ормандар арасында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен болатынын атап көрсеткен. В.В. Докучаев «топырақ – ландшафттың айнасы» деген.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафтардың бұзулуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен экожүйелердің құрақтылығының күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассаның кемуімен сипатталады.
Жер ресурстарына әсер ету - құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радияциялық және су балансының өзгеру, олай болмаса климаттық параметрлердің де қзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі - қатты және химиялық ағыстарының артуы. Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты.
Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден – бір шарты болып табылады.
Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен ерекше органикалық зат – гумус пен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған зататрдың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі реттеуі мен құрақтылығын да төмендетеді.
Топырақтың құнарлығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жқмсауды (топырақтың өңдеу, қоректі заттардың мөлшерін толықтыруға байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен, зиянкестермен күреске жұмсалатын барлық энергияны қосқанда) қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи құнарлығы пайдаланып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл кездегі жұмсалатын энергия жылына 2 ГДж/га құрайды. Кейін жоғары интенсивті егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12-15 ГД/ж-ға жетті. Реймерстің мәліметтері бойынша (1990) қосымша жылына 15 ГД/га энергия жұмсалғанда топырақ пен орта үшін зиянды ( интенсивті эрозия, су қоймаларына химиялық заттардың шайылуы, судың эвтрофикациясы және т.б.) құбылыстар орын алады.
Тағы бір айта кетерлік маңызды қағида - әрбір қосымша қндірілген өнім бірлігі оны алу үшін көп энергияны жұмсауды қажет етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың басынан бері өнім бірлігіне жұмсалатын энергия мөлшері 8-9 есе артқан.
Жерлердің бұзылуының деградациясының ( латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың терісі салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолдану және т.б. (25-сурет).
Топырақтың деградациялану факторлары
Ашық әдіспен кен алу
Құрғату мен суландыру
Шектен тыс мал жою
Қышқылдық жауын - шашын
Топырақ эрозиясы
Пестецидтер
Агротехникалық дұрыс жүргізбеу
Урбанизация процесі
2 Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары.
Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда – «бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.
Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде - ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.
Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойнша сары топырақ пен шабындық саздық топырақтар – жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзіледі.
Адамдың қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше рет артып кетке. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артақан. Сонымен қатар, жел эрозисында да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірген енгізілетін тыңайтқыштардан 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырларымен бекітіп тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтығы топрырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікке әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман қсіру осыған негізделінген.
Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдылығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар ( құмды және құмдық) көп ұшырайды. Эрозияның топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.
Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды грунттары таралған жерлерде болады.
Бұрынғы ССРО-ның территориясында жел эрозиясы («шаңды дауыл») 60-70-жылдарда кеңінен таралған еді. әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымдалған. Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн. га жерде жойылған.
Жел эрозиясының ерекше түрлі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай әрозиялық процестер («қара дауылдар») Украйна мен Белоруссия территориясында байқалған.
Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өнделетін, ақық кеңістіктерде, жауын-жашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым юолады.
Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кенінен таралған.
Топырақты өндеуден басқа эрлзиялық процестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, мал жаю, туризм және т.б. әсер етеді.
Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уықытта эрозия да, топырақтың сортаңдауы да жүреді.
Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болада. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығызданып, су өткізгіштігінің төмендуінен болады. Нәтижеде ол әрозияның басқа түрлерінің жылдам жүруіне жағдай жасайды.
Эрозиямен кұұресу жолдары:
Айтарлықтай үлкен территорияла өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
Жайыламда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шоптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясы да болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық өысымды төмендету болып табылады.
Егістік жерлерді қорғау іс – шаралар:
ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар;
(жүгері, картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;
жиектік жыртуды жүргізу (рельефтің горизанттарымен);
өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдық топырақтарды шығару;
шағын егістік танаптары табиғи ландшафтармен кезектестіру;
танап қорғайтын орман белдеудерін жасау;
топырақтың құрылым түзілуіне мүмкіндік туғызатын, органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізу;
топыраққа жасалатын қысымды кемітетін техниканы пайдалану.
Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет. Агротехниканың бұл жаңа әдіс қазір кеңінен пайдаланып келдеді. Аталған әдіс аудармай жырту арқылы топырақты қопсытуға негізделген. Бұл әдісті қолданғанда топырақтың табиғи құрлысы сақталады. Тұрақтылығы мен құнарлығы бұзылмайды. Әдістің технологиялық кемшілігі – арам шөптердің көп болуына әкеледі. Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалық шаралардың кезегі мен мерзімдерін қатаң сақтау қажет.
Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура келеді. Су эрозиясынан өорғау мақсатында агротехникалық ( орман отырғызу, шөп егу) шаралармен қатар, инженерлік іс-шаралар (су ағысын ұстап қалуға арналған шұңқырлар салу, көлбеу жерлерді өңдеу, онда көп жылдық шөптесін өсімдіктерді егу) жүргізіледі. Химиялық заттарды (әр түрлі полимерлер) топырақ бетіне енгізуді көпжылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды отырғызумен үйлестіре жүргізу қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топрыақтың маңызы мен қасиеттерін атаңыз.
2. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдарын талдау.
Практикалық сабақтар
«Экология және тұрақты даму» пәнінің практикалық сабақтары қашықтықтық оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын универитеттің барлық мамандығының студенттеріне теориялық білімін жетілдіруге арналған. Практикалық сабақ студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу процессінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренумен таныстырады.
&&&
$$$003-001-000$3.3.1 Модуль 1 Практикалық сабақтың тақырыбы №1
Тақырыбы: Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану дәрежесін зерттеу.
Кіріспе. Экологиялық тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.
Мақсаты: Жасыл желек микроклиматты реттеуде маңызды рөл атқарады: топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс қызудан қорғап, ауаны ылғалдандырады және тазартады. Олар ауадағы швң мен ағзалардың 70-80 % сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл газон жолында жер бетінен 1,5 м биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.
Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды төмендетеді.
Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка
Достарыңызбен бөлісу: |