Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»



бет5/9
Дата22.06.2017
өлшемі1,5 Mb.
#19885
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жұмысты орындау барысы


  1. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар

  2. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.

  3. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.

  4. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:

  1. Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?

  2. Шаңның ағзаларға зияны қандай?

  3. Ауадағы шаңның мөлшерін қалай кемітуге болады?

  4. Автомобильдер шығаратын газдардың құрамы қандай?

  5. Экологиялық таза отын түрлері қандай?



Практикалық сабақтың тақырыбы №2

Тақырыбы: Қоршаған ортатағы антропогенді ластанушыларды анықтау.

Кіріспе. Автотранспорт – атмосфераны азот оксидтерімен ( N0 және N02 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (11) оксидтері (С0), негізгі ластаушылардың бірі. Ауаның транспорттық ластану үлесі осы бойынша жалпы ластануының СО 60 %, N0х 50 % астам үлесін құрайды.

Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарлатын газдардың мөлшерімен сипатталады.

Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3 – 10 %), көмірсутектер – жанбай қалған отын (3 %) және азот оксидтері (0,8 %), күйе жатады.

Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшері есепке әдіспен бағалауға болады. Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады.



  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;

  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып кележатқандағы отынның орташа шығынының мөлшері).

6-кесте


Автотранспорт типі

Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)

Отынның меншікті шығыны У, (1км/л)

жең!л автомобиль

11 - 13

0,11 – 0,13

Жүк автомобилі

29 – 0,33

0,29 – 0,33

Автобус

41 - 44

0,41 – 0,44

дизельді жүк машинасы

31 - 34

0,31 – 0,34

Жанармай түріне байланысты автотранспорттын бөліп шығаратын зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген

7 – кесте

Отын түрі

Коэффициенттер мәні (К)

Көміртегі оксиді (СО)

Көмірсулары

Азот оксиді

бензин

0,6

0,1

0,04

дизель отыны

0,1

0,03

0,04

К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларвның негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.


  1. тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.

Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, микрокалькулятор.

Жұмысты орындау барысы


Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін тандап алыңыздар.

  1. Қадамыңызды орташа ұзындығын алдын ала анықтап, тандап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар (L М)

  2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттын санын анықтаңыздар. 9 –кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдерь» қатары толтырылған):

8-кесте


Автокөліктің түрі

Саны, дана

Барлығы 20 минут ішінде

1 сағатта, N1 дана

1 сағаттағы жалпы жол, L, км

Жеңіл автомобильдер

11111111111111

14

42




Жүк машинасы













Автобустар













Дизельді жүк машиналары














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет