Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»


Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар



бет9/9
Дата22.06.2017
өлшемі1,5 Mb.
#19885
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


  • Алынған мәліметтерді сараптап, әртүрлі жануарлар өнімінің түзілуінің тиімділігі туралы қортынды жасаңыздар.

  • Қандай жануарлар тамақ энергиясын өсуге және май қорын жинауға анағұрлым тиімді пайдаланатынын анықтаңыздар.

  • Әр жылдардағы энергияны пайдалану тиімділігі қалай өзгереді.

Тапсырмалар сұрақтары (5 жұмада оқу үрдісімен):



Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану дәрежесін зерттеу.

  1. Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?

  2. Шаңның ағзаларға зияны қандай?

  3. Ауадағы шаңның мөлшерін қалай кемітуге болады?

  4. Автомобильдер шығаратын газдардың құрамы қандай?

  5. Экологиялық таза отын түрлері қандай?



Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка

Жұмысты орындау барысы


  1. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар

  2. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.

  3. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.

  4. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар
Зат айналымның анықтамасын беріңіздер.

1.Ағзалардың қоректену әдісі бойынша қандай топтары химиялық элементтердің айналымына қатысады?

2.Бұл топтардың әрқайсысының зат айналымдағы (химиялық элементтердің) рөлі қандай?


Практикалық сабақтың тақырыбы №6

Тақырыбы: Ғылымдық экологиялық мәселелердің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу.

Кіріспе. Ғалымдық (глобалды) Экология терминнің жалпы биосфераны зерттейтін, комплексті ғылым үшін 1977 ж. академик М.И. Будько ұсынды. Академик С.С. Шварц «Соңғы кезде адам мен табиғаттың өзара әсерінің ғалымдық мәселелер комплексін анықтау тәжірбиесі, ал бұл мәселені зерттейтін ғылымдар жиынтығын – ғалымдық экология деп атайды» деді.

Ғаламдық экологиялық мәселелерге озон қабатының бұзылуы, «парниктік эффект» мәселесі, қышқылдық жауын мәселесі, биологиялық көптүрліліктің кемуі және т.б. жатады.

Модельдеу – қандай да бір құбылыс, процесс немесе объектіні олардың модельдерін жасап, қарастыру жолымен зерттеу.

Модель (латын тілінен «moduIus» - өлшем, үлгі) – қандай да бір процесс немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін қайталайтын аналогы.

Ғаламдық экологиялық модельдеудің негізін салушы американ ғалымы Джей Форрестер. Ол процестерді ЭЕМ-да қайталаған.

Мақсаты: Ғалымдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмдерін осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу.



1 – тапсырма. Атмосфералық жауын-шашындардың қышқылдығын зерттеу (қышқылды жауын-шашынның мониторингі)

Қажетті құрал-жабдықтар: өлшегіш цилиндр, ертіндінің рН анықтауға арналған реактивтер.



Жұмысты орындау барысы

  1. Өлшегіш цилиндрді ашық аспан астына қойыңыздар.

  2. Жауын-шашыннан соң алынған су үлгісінің рН-ын анықтаңыздар.

  3. Осы бақылауларды белгілі бір уақыт аралығында (апта, айлар) жүргізіңіздер.

  4. Алынған нәтижелерді 13-кесте түрінде толтырыңыздар.

17-кесте

Тәжірибе №

Жауын-шашын болған күн

Жауын-шашын мөлшері (үлгінің көлемі)

рН

























Нәтижелерді өндеу мен қортындылар

Жауын-шашынның қышқылдығы топырақ пен су қоймалары ағзаларының тірішілік қызметіне мүмкін болатын әсері туралы қортынды жасаңыздар

2-тапсырма. «Парниктік эффект» механизмін моденльдеу.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір пластмасса қорап немес е аквариум, құм (топырақ), суы бар пульверизатор, термометр, қыздырғыш шам.



Жұмыс орындау барысы

  1. Мөлдір пластмасса қорап немесе кішкене аквариумеың түбіне 2-3 см қанындықта қара топырақ немесе құм төсеңіздер. Құм немесе топырақты пульверизатордағы сумен ылғалдаңыздар.

  2. Термометрді картон қойып, дөңгелек басымен жоғары қаратып, грунтқа орналастырыңыздар. Қорапты мөлдір қақпақпен жабыңыздар. Лампаны ыдыстан 20-30 см қашықтықта, жарық термометр шаригіне түсетіндей етіп орналастырыңыздар. Лампаны өшіріп, температураның бөлме температурасының деңгейінде болуын қамтамасыз етіңіздер. Бөлме температурасын жазып алыңыздар. Қақпақты ыдысқа қалдырып, лампаны қосып, термометрдегі температура қөрсеткіштерін әр минут сайыфн 20 минут бойы бақылаңыздар.

  3. Лампаны өшіріп, температура бөлме температурасына дейін түскенше күтіңіздер. Топырақты (грунтты) тағы да сумен ылғандандырып, экспериментті қақпақсыз қайталаңыздар.

Жұмыстың барлық кезендерін, қара топырақты ашық түсті топырақпен ауыстырып, қайталаңыздар.

Нәтижелерді өндеу мен қортындылары

Эксперимент нәтижелерін 14 – кестеге толтырып «Температура – уақыт» координаталарында график (2-сурет) жасаңыздар.

18 –кесте




Температура, 0С




Қара топырақ

Ашық топырақ




Қақпақсыз

Қақпақпен

Қақпақсыз

Қақпақпен

1













2













3













4













20













Т,

t, мин


2 – сурет

Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады?

2.«Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының механизмдері қандай?

3.Ғалымдық экологиялық мәселелерді модельдеу әдісіне сипаттама беріңіздер.



Практикалық сабақтың тақырыбы №7

Тақырыбы: Табиғи экожүйеден антропогенді экожүйеге дейін.

Жоспар: Табиғи экожүйеден антропогенді экожүйеге дейін талдау жасау.

Антропогенді экожүйелерге агроценоздар мен агроэкожүйелер жатады. Агроценоздар-ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлерде пайда болатын биоценоздар. Олар табиғи бірлестіктерден біріншіден, құрамына кіретін түрлердің санының аз болуымен, екіншіден, осы бірлестіктің негізгі мүшесі-мәдени дақылдардың зиянкестер мен бәсекелістікке қарсы тұру қабілетінің төмен болуымен сипатталады. Мәдени дақылдар адамға пайдалы жағына қарай сұрыптау арқылы күшті өзгеріске ұшыраған, сондықтан олардың адамның көмегінсіз тіршілік үшін күреске қабілеті нашар.

Агроценоздарды адам көп қуат жұмсау арқылы ( адамдар мен жасушалардың бұлшық ет энергиясы, ауыл шаруашылық машиналарының жұмысы, тыңайтқыштардың байланысқан қуаты, қолдан суару және т.б. ) ұстап тұрады. Ал табиғи биоценоздар мұндай қосымша энергия көзін қажет етпейді.

Егіс танабында әдетте қандай да бір өсімдіктің түрі өсіріледі. Шаруашылық көзқарасы тұрғысынан агроценоз осы бір өсімдік түрінен, ал қоректік тізбек тек екі звенодан өсімдік пен үй жануарлары тұруы керек. Бірақ, мұндай жүйе табиғатта мүмкін емес. Ол тұрақсыз. Егістікте тың жерді жыртқанан соң тұрақты антропогенді әсер жағдайында тіршілік етуге бейімделген түрлерден тұратын алуан түрлі бірлестіктер қалыптасады. Үш-төрт звенодан түратын қоректі тізбектер, бәсекелестік әсерлер және т.б. түраралық қарым-қатынастар пайда болады.

Мысалы, егістікте бидайдан шамамен, буынаяқтылардың өзінің 300-ге жуық түрлері табылған. Сонымен қатар мүндай кемірушілер, құстар, топырақтың омыртқасыз жануарлары, алуын түрлі саңырауқұлақтар, бактериалар, арамшөптердің көптеген түрлері өседі. Агроценоздарда жүздеген, тіпті, мыңдаған түрлер өзара әсерлеседі, бірақ бұлардың көптүрлілігі табиғи бірлестіктермен салыстырғанда кем.

Адамның арамшөптер мен мәдени өсімдіктердің зиянкестерімен күресінде экологиялық «бумеранг эффектісі» байқалып отырады. Қазір ауыл шаруашылығында әр түрлі өсімдіктер химиялық қорғау құралы-пестицидтер қолданылады. Пестицидтердің көпшілігі тек зиянкес түрлерді ғана емес, олардың паразиттері мен жыртқыштарын да жояды, яғни агроценозда қалыптасқан реттеуші байланыстар бұзылады. Зиянкестердің тірі қалған бөлігі реттеушілерден босанып, бұрынғыдан да көбейеді.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін бір ғана жол бар - агроценоздарды қарапайымдандыру емес, жеке түрлердің санын реттеу. Өсімдік - өсімдікқоректік бунақденелә- паразит қоректі тізбегінде соңғы звеноны күшейту арқылы қнімді сақтап қалуға болады. Тірі ағзаларды – жыртқыш немесе паразиттік бунақденелер, бунақденеқоректілер немесе жыртқыш құстарды бактериалар, вирустар жіне т.б. зиянкестерден қорғау үшін қолдану биологиялық күрес әдісі деп аталады.

Жеке түрлердің санының тұрақты реттелуін тек күрделі бірлестік қана жүзеге асыра алады.

Ауыл шаруашылық практикасында жүргізіліп отырған қазіргі кездегі кездегі бағыттардың бірі – егіс танабы мен оның айналасында мүмкін болатын алуантүрлілік сақтау болып табылады. Агроценоздарда адам топырақ түзу процесінде жауапты және топырақ ағзаларарының алуантүрлілігін сақтауға ұмтылуы қожет.

Агроценоздың тұрақсыздығын анықтайтын таңы бір себеп - адамның өнімді әрдайым жинап алуына байланысты, заттардың айналымын толық ұстап тұра алмайды.

Экологиялық тұрғыдан сауатты агроэкожүйені құрғанда ғана ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлердң заттардың түрақты айналымын жүзеге асыруға болады.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Табиғи экожүйеден антропогенді экожүйеге дейін талдау жасау.


Практикалық сабақтың тақырыбы №8

Тақырыбы: Ауылшаруашылығындағы су тапшылығы мәселесін шешу.

Жоспар:

1. Ауылшаруашылығындағы су тапшылығы мәселесін шешу жолдарын талқылау.


2. Ауылшаруашылығындағы су тапшылығы мәселесін шешу.
Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар:

Судың аймақтық тапшылығын оны басқа жүйелерден канал, су жолдарымен жеткізу арқылы шешуге болады. Бұл шаралар экологиялық тұрғыдан жан – жақты ойластырылуы қажет.

Су ресурстарының сандық сарқылуы, көбінесе әр түрлі ластаушылар мен ластануы нәтижесінде сапалық өзгеруімен шиеленісе түседі.

Сулардың ластануын төмендетуге бағытталған іс шаралар ең алдымен технологиялық процестер мен суды пайдалану, тазарту әдістерін жетілдірумен байланысты. Суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер анағұрлым экологиялық және тиімді болып табылады. Олар мынадай арнаулы жүйелерді жасауға негізделуі қажет: суарылатын танап, сүзу танабы, аэрация станциялары және т.б. Мұндай жағдайда су әр түрлі дақылдар өсірілетін танапқа беріледі. Биогенді элеметтердің басым бөлігі сіңіріледі де, биологиялық құрылымдарға енеді. Судың бір бөлігі топырақ грунты арқылы өтіп, биологиялық (негізінен редуцент - ағзалармен) және физико – механикалық (фильтрация нәтижесінде) тазарудан өтеді.

Аэрация станцияларында биологиялық тазарту процестері ластанған судың үнемі оттегімен және редуцент ағзалармен байытылу есебінен интенсивті жүреді.

Суды тазартуға табиғи экожүйелерді де қолдануға болады. Жоғары өнімді табиғи экожүйелерде (мысалы, орман) суды тазарту интенсивтілігі жасанды жүйелермен бара бар.



Судың сапасын жақсарту мақсатында озондау, ультракүлгін сәулелермен өндеу, жер асты су қоймаларына орналастыру кеңінен қолданылуда. Жер асты қоймалары беттік сулармен толтырылады. Олардың тазаруы грунт арқылы фильтрация кезінде және қойманың өзінде жүргізіледі. Бұл су ластанудан жақсы қорғалған және температуралық режимі реттелген болады.

Кез келген табиғи ресурсқа адамның әсерін бағалау жан – жақты болуы қажет. суларды ластандыра отырып, адам өзінің осы ресурсқа деген тапшылығын туғызып қана қоймай, көптеген ағзалардың мекен ету ортасын және оларға тән байланыстарды бұзады.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану;

  2. өндірістік жағдайда суды бірнеше рет пайдалануға өту(тұйық немесе қайтымды циклдер);

  3. өндірістік процестерде ауыз суға арналып берілетін суды пайдаланбау. Бұл ең алдымен сапасы жоғары жер асты суларына қатысты;

  4. ауыз су, тамақ дайындау және санитарлық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру. Суды қайта пайдалану;

  5. судың ысырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су таратушы қондырғыларды пайдалану;

  6. тұтынушыларға жеткізу кезінде және әкетуде судың ысырап болуына жол бермеу;

  7. суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау. Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей болуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуді 1,5-2 есе арттырады.

  8. су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұндай щығынды болдырмаудың негізгі жолы – су қоймаларының ауданын жағалауларда көтеру мен таяз жерлерін бөліп тастау. Ірі су қоймаларын жазық өзендерде салу тиімсіз;

  9. қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

  10. суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жаңа суару әдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор.

Практикалық сабақтың тақырыбы №9

Тақырыбы: Суды ластаушы заттар.


Жоспар:

1. Суды ластаушы заттар.


2. Суды ластаушы заттардың ерекшелігі.
1 Суды ластаушы заттар.
Суды ластаушы заттар. Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларында әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластаушы бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсу арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, миниралдық тыңайтқыштар, улы химиялық және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестициттер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері).

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.

Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқа да факторлардың әсерінен температураның өзгеруі нәтижесінде орын алады.

Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік тек алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан (тіршіліктің кедейлігі), өздігінен тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл азамат мұхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер еместігінен көз жетіп отыр.

Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто егер оны уландыру тоқталмаса оның тіршілігі жойылуы мүмкін деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Ал оның әр тонасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен т.б. ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнаймен және басқа ластануға, әсіресе планктон сезімтал. Оның жойылуы көптеген басқа ағзалардың тіршілік етуінің мүмкін болмауынан әкеледі.

Мұнайлы қабақша су бетінің шағылыстыру қабілетін (альбедо) өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалауға атқаратын жағалаулық экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келтіруіне өте көп уақыт керек. Мұнайдың бір бөлігі грунтқа сіңе отырып, грунт суларына, одан су айналымы арқылы қайтадан қазба көзіне қайтып келеді. Қиын ыдырайтын мұнай өнімдері мұхит ағыстарына түсседі де, үлен ара қашықтыққа таралады.



Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзулу өнімдерінмен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады.

Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі мәселе болып табылады. Мысалы, ФРГ-де мал шаруашылығының шайынды суларының қалдықтары тұрмыстық сумен салыстырғанда 5 есе көп. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны милион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр түрлі қосылыстармен (нитраттар, нитриттер, аммияк), биологиялық агенттермен байланысты.



Судың жылулық ластануын да атап өтуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа да объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданылады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу 1,5-2 км2 суды жылыту арқылы жүреді. Ал атом электростанцияларында жылынғын судың көлемі алынатын энергия бірлігіне шаққанда 2-3 есе көп. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластану тұғызады.

Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су объектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылу нәтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.

Суды пайдалануға оны қалдықтар мен қоқыстардан, соның ішінде улы және радиоактивті элементтерден құтылу үшін қолдану жатады. Мұндай қалдықтар суға контейнерлерде тасталса да, олар мәңгілік, уақыт өте келе бұзылады да, ішіндегі заттар суға түседі.

Орманды тасымалдауда пайдаланылатын өзендер, әсіресе солтүстік, ағызу кезінде бататын ағаштың ыдырау өнімдерімен ластанады. Көптеген осындай мақсатта пайдаланылатын өзендерде бірнеше қабат ағаштар болады. Олар фенолдар, лигниндер және т.б. органикалық заттардың көзі болып табылады.

Айтарлықтай теріс экологиялық нәтижелер су қоймаларына байланысты болады. Олар да биодеградацияға ұшырайтын немесе нашар заттардың қоймасы болып табылады. Көптеген су қоймаларының түбінде ауыр металдар, радиоактивті элементтер шоғырланған. Олар әдетте метан мен басқа да шіру өнімдерінің түзілу көзі болып табылады. Мұндай су қоймалыраның суының деңгейінің төмендеуі ауаның және шекаралас жатқан территориялардың да ластануына әкеледі.

Мұндай да ауқымды мәселелер су қоймасын жою кезінде туындауы мүмкін. Себебі әрбір, типті ең ір су қоймасының өзі ерте ме, кеш пе өзінің су резервуары немесе гидроэнергия көзі ретінде маңызын жояды.

Су экожүйелеріне екінші ретті ластану да көп зиян келтіреді. Аталған ластану көзін судың эвтрофикациясы мысалында қарастырайық.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Суды пайдалануға оны қалдықтар мен қоқыстардан, соның ішінде улы және радиоактивті элементтерден құтылу үшін қолдану жататынын дәлелдеу.

2. Мұндай қалдықтар суға контейнерлерде тасталса да, олар мәңгілік, уақыт өте келе бұзылады да, ішіндегі заттар суға түсетінін ашып айту.


Практикалық сабақтың тақырыбы №10

Тақырыбы: Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселесін шешу жолдары

Жоспар: Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселесін шешу жолдарын ашу


1 Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселесін шешу жолдары

Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолданудың пайдалы әсері болуы үшін олардың дүниежүзілік пайдалану мөлшері шамамен бір мал басына шаққанда жылына 90 кг болуы керек. Бұл үшін тыңайтқыштардың өндірісі жылына 450-500 млн. т. болуы қажет. Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі тыңайтқыштар өндірісі шамамен жылына 200-220 млн. т. немесе адам басына шаққанда жылына 35-40-ы құрайды.

1-кестеде минералдық тыңайтқыштардың дүниежүзілік өндірісінің көлемі туралы мәліметтер келтірілген.

Тыңайтқыштарды қолдану өндірілетін мал шаруашылық өнімінің бірлігіне жұмсалатын энергияның арту заңының көрінісі ретінде қарастыруға болады. Янғи өнімнің бірдей өсімін қамтамасыз ету үшін минералдық тынайтқыштардың пайдаланылатын мөлшері де артады. Мысалы, тынайтқыштарды қолданудың бастапқы кезендерінде гектардан қосымша 1 т астық алу үшін 180-200 кг астық азоттық түрін енгізу қажет еді. Келесі қосымша 1 т астық алу үшін 2-3 есе көп тыңайтқыш қолдану керек /2-кесте/.


1-кесте
Дүниежүзілік минералдық тыңайтқыштарды өндіру млн.т


Тыңайтқыштардың негізгі түрлері

Тыңайтқыштарды өндіру көлемі

2000жылы

2007 жылы

2000-тен-2007-ға дейінгі өсу

Азоттық

Фосфорлық

Калий

Барлығы


63

33

29



125

170

70

60



300

107

37

31



175


Миниралдық тыңайтқыштарды қолданудң экологиялық мәселелері мына көзқарастарт тұрғысынан қарастырылуы қажет:

  1. тыңайтқыштар енгізілетін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелер мен топыраққа әсері;

  2. пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйелер мен оның звеноларына әсері, ең алдымен су ортасы және атмосфераға;

  3. тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы жіне оның адам денсаулығына әсері.

Экожүйеден тыңайтқыштар енгізуден іс жүзінде өнімнің артуы болмайтын, ал тыңайтқыштар мөлшерінің одан әрі артуы өнімің төмендеуіне әкелетін жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда максималды шамасы бойынша шектеуші факторлар ережесінің орындалуы кқрінеді.

Топырақ жүйесінде оның құнарлығының төмендеуіне әкелетін өзгерістер жүреді: қышқылдығының артуы, топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады, заттардың зат алмасу, құрылымы бұзылады және басқа да қасиеттері нашарлайды.

Тыңайтқыштардың соның ішінде қышқыл азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылып кетуіне әкеледі. Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы элементтерді енгізу қажет.

Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрізді анық қышқылдандырушы эффектісі болмайды. Олар өсімдіктерде цинктің жетіспеуінен және алынған өнімде стронцийдің жиналуына әсер етеді.

Көптеген тыңайтқыштарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивті фонның, ауыр металдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.

Аталған теріс құбылыстарды болдырмау жолы - тыңайтқыштардың ғылыми негізделген мөлшерін қолдану (оптималды дозасы, зиянды қоспалардың миниралды мөлшері, органикалық тыңайтқыштармен кезектестіріп отыру және т.б.)

2-кесте

Минералды тыңайтқыштардың жануарлар мен

адам ағзасына әсері


Тыңайтқыштардың түрлері

Негізгі әсері

Азоттық

(нитраттар)



Нитраттар (судағы ЗЖЖК – 10 мг/л, а зық-түлік өнімдерінеде – 1 адамға 500 мг/тәулігіне) ағзада нитриттерге дейін тотықсызданады.Нитриттер зат алмасуды бұзады, иммупологиялық қабілетін тқмендетеді, ұлпаларды оттегінің жетіспеуіне әкеледі. Асқазанда аминдермен әрекеттесіп қауіпін канцерогендер-питрозаминдер түзеді. Балаларда: тахикардия, цианоз, кірпіктердің түсуі, альвоеолдардың үзілуін туғызады. Мал шаруашылығында авитаминоздар, өнімділігінің кемуі, сүтте мочевинаның жиналуы, көбею қабілетінің төмендеуі, аурушаң болуына әкеп соғады.

Фосфорлы (супер-фосфат пен ондағы фтор, кадмий, ауыр металдар)

Негізінен фтор арқылы. Ауыз судағы мөлшерінің көп болуы (2 мг/л астам) адамның тістерінің эмалінің зақымдалуына, қан тамырларының өабырғасының созылғыштығының кемуіне әкеледі. 8 мг/л астам болс аостеохандрозды құбылыстарды тұғызады.

Хлорлы тыңайтқыштар (хлорлы калий, хлорлы аммоний)

Құрамынды 50 мг/л хлор болатиын суды пайдалану адам мен жануарларды уландырады.

Қорыта келгенде, көптеген тыңайтқыштар, әсіресе құрамында хлор барлары адам мен жануарларды уландыратыны ғылыми негізде дәлелденген.

Әдебиеттер

4.1.1. «Сельскохозяйственная экология». Алматы-1998г.

4. 1. 2. Ә. Бейсенова, Ж. Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.

4.1.3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика. 2002ж



      1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оқу –әдістемелік ќұрал. Алматы. Экономика. 2001 ж.


Тексеру тапсырмалары
1. Тыңайтқыштар енгізілетін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелер мен топыраққа әсерін дәләлдеу;

2. Пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйелер мен оның звеноларына әсері, ең алдымен су ортасы және атмосфераға болатынын көрсету;



3. Тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы жіне оның адам денсаулығына әсерін ашу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет