Облыстық клиникалық аурухана- 10 күн (72 сағат)
Диплом алдындағы машықтану тәжірибесінің мақсаты: оқушылардың колледж қабырғасында алған білімдерін тәжірибе жүзінде тереңдетіп, машықтану дағдыларын одан әрі нығайтып бекіту, медициналық шараларды орындау барысында және аурулардың диагностикасы мен ем қағидалары, шұғыл көмек көрсету кезінде тәжірибелік біліктілігін одан әрі жетілдіру. Мамандық бойынша машықтану тәжірибесі әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу мүмкіндіктері мен қабілетін анықтауға ықпал етеді
Бұл бағдарламада қарастырылған:
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Жұмыс уақытын жоспарлау
Тәжірибе өтушінің игеру қажет білім деңгейлері мен дағдылары
Мақсаттары:
Акушерлерді болашақтағы өздігінен жұмыс атқару қызметіне дайындау, олардың клиникалық ойлау қабілетін, нәрестелердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу, шұғыл көмек көрсету ептіліктерін жетілдіру.
Тәжірибе өту барысында келесі міндеттерді орындау қажет:
- теориялық білімдерін жүйелендіру, тереңдету және бекіту;
- нәрестелердің күтімі бойынша кәсіби біліктілікке қол жеткізу;
- пациенттермен, олардың туыстары және қызметтестерімен коммуникативті қарым-қатынас құру біліктілігін игеру
- құқықтық және этикалық тәртіпті сақтау
- кәсіби деңгейде ойлау қабілетін дамыту
Өтілген тәжірибе қортындысы бойынша әрбір білім алушы қортынды сынақ емтиханын өту алдында тапсырады:
Достарыңызбен бөлісу: |