6 Тақырып - Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
1 Ауалық байланыстырғыштар.
2 Гидравликалық байланыстырғыш заттар
Минералдық байланыстырғыш заттар деп сумен немесе тұздар ерітіндісімен, оларды араластырған кезде жұмсақ жылжымалы қамыр беріп, кейін бірте-бірте физикалық-химиялық процестердің әсерімен қатайып тас қалпына көшетін ұнтақталған материалдарды айтады. Қатайғаннан кейінгі беріктігін сулы немесе құрғақ ортада сақтау қабілетіне сай минералдық байланыстырғыш заттар ауалық және гидравликалық болып 2 топқа бөлінеді.
Ауалық байланыстырғыштар тек қана құрғақ ауада қатайып, тас сияқты күйіне көшіп және тек құрғақ ауада алған беріктігін жоғалтпай сақтай алады. Бұларға ауалық әк, гипстер байланыстырғыштар, магнезиялы байланыстырғыштар, ерітілмелі шыны жатады.
Гидравликалық байланыстырғыштар біраз алдын ала ылғалды ауада қатайғаннан соң әрі қарай су ішінде де қатая беріп, беріктік шегін тек құрғақ ауада қатайғандығымен салыстырғанда, едәуір ұлғайтады. Гидравликалық байланыстырғыштарға жататындар: гидравликалық әк, романцемент, портландцемент, пуццолонды портландцемент, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |