8 Тақырып – Құрылыс ерітінділері
Жоспар
1 Құрылыстық ерітінділердің жіктелуі
2 Құрылыс ерітінділердің түрлері
Құрылыстық ерітінді жасанды конгломератты материалдардың бір түрі. Оны байланыстырғыш заттан, судан және майда толтырғыштардан (құмнан) тұратын рационалды құрамдағы араласпаның қатаюы нәтижесінде алады. Құрылыстықерітінділерді қолданудағы басты ерекшелік, оларды көпшілігінде кеуекті конструкциялардың – кірпіштің, бетонның, кеуекті табиғи тас материалының бетіне тығыздамай жұқалап салуда, не жағуда.
Қолданылатын байланыстырғыш түріне байланысты әктік, гипстік, цементтік және аралас (цементтік-әктік, цементтік-саздық) ерітінділерге жіктеледі.
Әдетте сылақ бірнеше қабаттан тұрады және де әрбір қабаттың өзінше арналуы болады. 1-қабат – дайындық қабаты дейді, оны бүркіме немесе шашырама деп те атауға болады, қалыңдығы 3-8 мм. Ол сылақ қабаттарының астындағы конструкция бетімен ілінісуін қамтамасыз етеді, бұл қабат су бүркілген негіз бетіне күшпен лақтырылып жапсырылады және келесі қабатпен оның ілінісу ауданын көбейту үшін бүркімені тегістемейді; 2-қабат астыңғы басты қабат қалыңдығы 5-12 мм, сылақ бетін тегістеуге арналған. 3-қабат жұқа өңдік қабат. Мұны сылақ бетін тегістеп және сүртпелеп барып алады. Оның қалыңдығы кәдімгі сылақтарда шамамен 2 мм, декоративтік сылақтарда кейде 15 дейін жетеді.
Арнаулы ерітінділерге гидроайырғыштық, тампонаждық, инъекциондық, едендік, акустикалық, рентгенқорғаныштық, отқа беріктік, қышқыл төзімді және т.б. ерітінділер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |