7 Тақырып - Бетон
1 Бетон туралы жалпы мәліметтер.
2 Бетондардың жіктелуі
3 Бетондардың түрлері.
Бетон – белгілі мөлшерде алынатын қиыршық тастан (гравийден), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араласпаның қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехнткалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады.
Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталатын әр түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынандай белгілері бойынша жіктелінеді: орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырғыш және толтырғыштар түрімен. Бетондардың басты жіктелуі цемент тасының тығыздығы мен толтырғыштар түрлеріне байланысты болатын орташа тығыздығы бойынша анықталады. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа тығыздығына оның басты қасиеттері (беріктігі, аязға төзімділгі, су өткізбейтіндігі, жылу өткізгіштігі және т.б.) байланысты.
Орташа тығыздығы бойынша бетондар өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне жіктеледі.
Қолдану салаларына байланысты конструкциялық және арнаулы бетондар болып бөлінеді.
Конструкциялық бетондар үйлердің және ғимараттардың жүк көтеруші және қоршаушы конструкцияларында пайдаланады; олар ең алдымен, конструкциялардың механикалық сипаттамаларын – беріктігін, серпінділігін, деформациялық және басқа қасиеттерін қамтамасыз етулері тиіс. Конструкциялық бетондарға жататындар: ауыр бетон, майда түйіршікті, жеңіл, ұялы және кернеуленетін бетондар.
Арнаулы бетондар ерекше жағдайларда пайдаланатын конструкциялар үшін қолданады. Оларға атомдық радиациядан қоршаушы, ылу қоршаушы, отқа төзімді, химиялық төзімді, өңдеуші-әсемдеуші бетондар жатады.
Байланыстырғыш заттарға сәйкес цемент, ізбес, гипс, шлак және арнаулы байланыстырғыштар негіздерінде алынатын бетондарға айырылады.
Толтырғыштар түрлері бойынша тығыз, кеуекті және арнаулы толтырғыштар қолдана жасалынған бетондар болып ерекшеленеді.
Бетондарда болатын кеуектердің сипатына және мөлшеріне байланысты тығыз, ірі кеуекті, кеуектендірілген және ұялы структуралы бетондар болып ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |