5 тақырып- Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар
Жоспар 1 Шыны қасиеттері.
2 Құрылыста қолданылатын шыны және шыны бұйымдарының түрлері.
Шыны қасиеттері. Шыны деп силикаттардан, алюминаттардан, натрий, калий, кальций және т.с.с. карбонаттарынан тұратын шикізат ерітінділерінің балқымаларының суытылуынан алынатын аморфты қатты дене. Оның химиялық құрамы: SiO2 71-72%; NaO 14-15%; CaO 6.5-7%; MgO 4%; Al2O3 2%.
Тығыздығы – шыны тығыздығы 2,2-ден 8 г/см3 дейін өзгереді. Ең ауыр шыны құрамында қорғасын оксидісі болады, ал ең жеңілінде атомдық салмағы аз оксидтер болады.
Созғандағы беріктігі. Құрылыс конструкцияларында шынылар көпшілігінде ию, созу және ұру күш әсеріне жиі ұшырайды. Қысу күш әсеріне сирек пайдаланады. Сондықтан, шыны қасиетін анықтайтын басты көрсеткіші есебінде созғандағы беріктігі мен морттылығын қарастырған жөн.
Морттылығы. Шыны морттылығы оның жүк-ұру әсеріне кедергісімен сипатталады. Мортылығы оның пішініне, мөлшеріне және қалыңдығына байланысты.
Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5-7 және одан жоғары. Қаттылығы жоғары болған сайын шыныны механикалық өңдеу уақыты көбейе түседі және соғұрлым үйкелітегі тозуы аздау болады.
Термиялық тұрақтылығы температураның кенеттен өзгеруіне шынының жарылмай шыдайтын қабілетімен сипаттайды. Шыны бұйымдарының термотұрақтылығы олардың қалыңдық мөлшеріне және пішіндеріне байланысты.
Шынының оптикалық қасиеті жарық өткізгіштігімен, жарық сәуле сындырылуымен, жарық шашыратуымен, күн сәулесінің шағылысуымен және т.б. құбылыстармен сипатталады.