Құрылыстық пластмассалардың басты қасиеттері. Пластмассалардыңнағыз тығыздығы 100-2000 кг/м3 аралығында, демек тас материалдармен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен.
Пластмассалардың су сіңіргіштігі өте аз және тығыз материалдарда 1% аспайды. Пластмассалардың көпшілігі суға айтарлықтай тұрақты және тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің судағы ерітінділеріне де тұрақты келеді.
Пластмассалардың жылу тұрақтылығы онша жоғары емес (100-200°С). Кейбір пластмассалар 70-80°С дейін қыздырғанда жұмсара бастайды, ал кейбіреулері 400-500°С және одан жоғары температураға дейін тұрақтылық көрсетеді.